Әрқайсымыз ,сөзсіз бір адамнын мүлтіксіз пішініне,кез келген жағдайда ұқсағымыз келеді.Ал менің жүрегімдегі мұндай адам ,ол менің анам.
Менің анамның есімі Оксана. Мен оған еліктейтін себебім,ол өте еңбекқор,,және де өзінің өміріне өзі жетті. Менің анам сиқыршы, ол барлық жерге үлгереді...
Оқуда табысқа жету үшін сабақ оқу керек. Сонымен қатар тəртібің де дұрыс болуы тиіс деп ойлаймын. Себебі егер де тәрбие болмаса , онда еш жерде табысқа жете алмайсың. Сабақты жақсы оқып, ата-анаңды, мұғаліміңді, жалпы үлкендерді тыңдасаң, қай жерде де табысқа қол жеткізесің
Адамгершілікті қалай түсінемін?
Адамгершілік адам бойындағы - асыл қасиет, бұл дегеніміз - рухани тәрбиенің бастауы, әдептілік ұғымымен қатар жүретін адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталған гуманистік құндылық болып табылады. Адамгершілік басқа сөзбен айтқанда, адамшылдық дегенді білдіреді, яғни бұл қасиет адам бойында ең алдымен отбасында, атап айтқанда ата – ананың үлгісі мен тәлім – тәрбиесінің арқасында қалыптасады.
Халықтық дүниетанымда мінез-кұлықтың әр түрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық және т.б.
Адамгершілік адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз - өзін сыйламайды.
Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді. Моральдың негізгі міндеті — адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу. Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдық сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады. Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселелері өл-Фараби, Ыбырай, Абай, т.б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан.
Қазіргі кезде терең ойлы адамдар азайып бара жатыр. Самат кешеден бері терең ойға шомылып жүр. Терең ойлы адамдар бәрін тез түсінеді
Жауынгерлер таңғы астан кейін аз уакыт ангіме айтып сонан соң жинала бастады.