Этникалық тегі географиялық қоныстану аумағы, шаруашылық жүргізу тәсілдері ортақ адамдар қауымы мен мүшелерінің ана тілі арқылы ортақ дүниетанымы, ұғым-түсінігі, мінез-құлқы, наным-сенімі, сезіну қасиеттері – бір сөзбен айтқанда, ұлттық ділі қалыптасады. «Ана тілі» ұғымы не оған жақын түсінік барлық этносқа тән, бірақ этностық көзқарас тұрғысынан бұл ұғым әр түрлі («туған тіл», «ұлт тілі», «ата-баба тілі», «ана тілі», т.б.) атала береді. Қазақ этносының дәстүрі бойынша, шыр етіп дүниеге келген нәрестенің құлағына алғаш шалынған ананың үн-әуезі оның ақ сүті арқылы баланың бойы мен барша болмысына дарып, адамға ғана сыйланатын құдіретті күш – тілге ұласады, сондықтан оның тілі ана құрметіне бағышталып, «ана тілі» аталып кеткен. Қазақ тіл білімінде ана тілі терминін алғаш ұсынып, ғылыми айналымға енгізген Ахмет Байтұрсынұлы. Қазіргі уақытта (1998) қазақ халқының үштен бірі, яғни 4 млн-ға жуығы, Қазақстаннан тыс (Қытай, Монғолия Ауғанстан, Иран, Түркия, Рейсей, Өзбекстан,Қырғызстан, Түркіменстан, т.б.)жерлерде диаспора болып отыр. Бұл топтар қандай тілдік ортада (қытай, ұйғыр, моңғол, пүштүн, парсы, түрік, өзбек, орыс, қырғыз, түрікмен, т.б.) өмір сүрсе де, ол тілдердің қанша әсері болса да қазақ тілі олар үшін ана тілі болып саналады. Қазақ диаспорасы үшін ана тілінің сақталу, сақталмауы, қолданыс аясының кең, тарлығы, сайып келгенде, олар тұратын мемлекеттердегі тіл саясатына, тілдік ортаға, диаспораның шоғырланып немесе шашыранды түрде орналасуына, сондай-ақ ана тілін қайткен күнде де сақтап қалуға деген саналы әрекетіне де тікелей байланысты. Әрбір азаматтың ана тілін қастерлеуі оның мемлекеттің биік мәртебесіне қатысты қоғамдық көзқарас пен қамқорлыққа да тікелей байланысты. Сондықтан әркімнің өз ана тілін құрметтеуі тек анасының ақ сүтін өтеу ғана емес, қоғам алдындағы азаматтық абзал парызын ақтау, сол арқылы елдің елдігін сақтау болып саналады.
1 Туган жердей жер болмас,туган елдей ел болмас
2 Әркімнің өз жері — Мысыр шаһары.
Әркімнің өз жері — ұжмақ.
"Бақыр қазан кайнаса бәріміздің бағымыз,
Туған жердің әр тасы біздің алтын тағымыз".
Бақа батпағына, балық көліне.
Баланың өскен бесігі кең дүниенің есігі.
Басқа жердің отынан туған жердің түтіні артық.
Дарақ бір жерден көгереді.
Дуадақ шөлін мақтайды,
Көкала каз көлін мақтайды.
Кемеңгер елін мақтайды,
Дихан жерін мақтайды.
Ерінбеген елге жетеді.
Ерінен айрылған көмгенше жылайды,
Елінен айрылған өлгенше жылайды.
Жалықтырса ұзақ сапар, жат мекен
Туған елдің түтіні де тәтті екен.
Жат жерде жаның қиналса —
ел қадірін білерсің.
Жұтым суға зар болсаң —
көл қадірін білерсің.
Жат жердің қаршығасынан,
өз жеріңнің қарғасы артық.
Жекен жерінде көгерер,
Ер елінде көгерер.
Ит екеш ит те туған жерін аңсайды.
Ит тойған жеріне,
Ер туған жеріне.
Кісі елінде күркірегенше, өз еліңде дүркіре.