Кешіріңіз,сөйлемдер жоқ қой.
1.Мұғалім-зат есім,дара,негізгі,деректі,жалпы
сабақта- зат есім,дара,негізгі,деректі,жалпы сабақ-зат есім, та - жатыс септік жалғауы
оқушыға- зат есім, дара,туынды,деректі,жалпы, оқу- етістік, шы- етістіктен зат есім тудырушы жұрнақ, ға- барыс септік жалғауы
оқу-етістік, дара,негізгі,болымды
жұмысын- зат есім, дара, негізгі, деректі, жалпы, жұмыс- зат есім, ын- тәуелдік жалғауының 2-ші жағы
қалай-есімдік,дара,негізгі,сұрау есімдігі
істеу-етістік,дара,туынды, болымды, іс-зат есім, теу- зат есімнен етістік тудырушы жұрнақ
керектігін- ?
айтады-етістік,дара,негізгі, болымды, айт-етістік, а-көсемше, ды- жедел өткен шақ
Алматының Абылай даңғылында орталық әмбебап дүкені бар. Бұл қаланың орталығында орналасқан. Мұнда балалардың ойыншықтарынан бастап ине-жіпке дейін сатады.
Дүкені үш қабат, іші өте кең, төменгі қабаттан жоғары қабаттарға эскалатормен көтерілесіз. Заттар әр қабатта тәртіппен орналасқан. Мәселен:
Бірінші қабатта спорт, электр, теледидар, радио, кино-сурет, күй табақтары және үй ішіне қажетті кілем, палас, кір жуғыш машина, тоңазытқыш, аяқ-табақ, т.б. заттар орналасқан. Екінші қабатта ерлерге арналған сырт, іш киімдер, аяқ киімдер сатады. Шұлықтар, галантерея, парфюмерия, сыйлықтарға арналған бұйымдар да осында. Үшінші қабаттың бәрі түгелдей әйелдерге ар-налған. Мұнда олардың іш, сырт, аяқ киімдері және түрлі маталар, дастарқан, орамалдар сатады.
Орталық әмбебап дүкенінің сатушыларының көбі-қазақ тілін білетін, ұқыпты, сыпайы, елгезек адамдар.
Егер сіз олардың қазақша: «Маған спорт костюмі, аяқ киім және электрон сағаты керек еді»,-десеңіз, олар: «Қазір бізде спорт костюмі мен аяқ киім болмай тұр, ал электрон сағаты бар. Алыңыз»,-деп жауап береді. «Маған мына жейде мен галстук ұнап тұр. Бағасы қанша?»-деп сұрасаңыз, олар бөгелместен: «Бәрін қосқанда 250 сом. Аласыз ба? Әкеліңіз орап берейін»,-деп елгезектік көрсетеді.
Басқа бөлімдерге барып үстіңізге сырт киім таңдай бастасаңыз, олар: «Мына үлгі сізге жараспай тұр-» кең, қысқа, ұзын» деген сөздерді айтып қызмет көрсетеді.
Орталық әмбебап дүкенінің бірінші қабатындағы кітап бөлімі маған өте ұнады. Мұнда орысша, қазақша, ұйғырша, түрікше, т.б. тілде жазылған кітаптар өте көп.