Такаппар: синоним-катал, антоним-мейырымды.
Ғаламтор туралы пікір әртүрлі. Ол жайында көп айтылады. "Ғаламторды дұрыс пайдалану-мәдениеттің белгісі" бұндай пікірмен қалай келіспейсің, әрине дұрыс айтылған. Егер біз тек ғаламтордағы атысып, бірін бірі өлтіріп жататын ойындарды ғана пайдаландық дейік, онда біз бір қанішер, жауыз болар едік, немесе тек әдепсіз жарнамаларды ғана көрсек, онда не болады. Міне, сондықтан ғаламторды тек қажетіңе, дұрыс пайдалану -мәдениеттің белгісі. Дұрыс пайдаланбаған ғаламтор адамзатқа қауіпті, ғаламторда ұзақ отырсаң, алтын уақытың босқа жойылады, көзіңнің көру қабілетіне зияны тиеді, ойлау қабілетің бұзылады, бір сөзбен денсаулығыңа кері әсер етеді. Әсем табиғаттың, өмірдің әсемдігін, адамдардың қадір қасиетін байқаудан қаласың.
Қазақ халқы ерте замандарда киіз үйде тұрған.Киіз үйдің құрылысы шаңырақтан,есіктен,уықтар мен қаңқадан тұрған.Ішкі бөлігі:киізден,сандықтардан,дастархан үстелінен, және көрпе төсеніштермен,қамшы,домбыра,үкі сияқты заттардан тұрған.Киіз үйдегі дастархан басында отырудың өз әдебі бар.Қонақ немесе үйдің үлкені төрде отырады,қыз балалар сол босағада,ал ерлер жағы оң босағада,ал келіндер табалдырық жақта отырған.
Ертеде Бәйтерек атты үлкен ағаштың үстінде Самұрық атты құс жұмыртқалайды.Ол жұмыртқа жәй емес болатын,ол алтын жұмыртқа еді.