Күз.Ерекше мезгіл.Жемістің пысқан кезеңі.Құстардың ұшатын кезеңі .Қысқа дайындық кез.Табиғат сарғаятын кезең.Мектепке баратын кез.Ең басты оқиғасы ол адамдардың бау бақшадан көкөністің теруі.Маған күз ұнайды
Желтоксаннын торты (надеюсь ты знаешь как писать)
Музыкалық аспаптар<span>Қазіргі таңда қазақтың музыкалық аспаптарының 20-дан астам түрі белгілі. Олардың қатарында үрмелі аспаптар (саз сырнай, сыбызғы, керней, бұғышақ), ішекті-шертпелі (домбыра, шертер, жетіген) және ұрмалы-соқпалы (дабыл, даңғыра), керілген қылмен ойналатын (кобыз), тілшелі аспаптар (шаңқобыз) бар.Қазақтың ұлттық аспаптарына қызығушылық танытқандар Алматы қаласындағы Мемлекеттік қазақ халық музыкалық аспаптары музейін тамашалап, өзіне көп жаңалық аша алады Музейде бай жәдігерлермен танысып қана қоймай, әрбір аспаптың үні жазылған аудиожазбаларды тыңдай аласыз.Музыкалық аспаптардың түрлеріДомбыра — қазақ халқында кеңінен таралған қос ішекті аспап. Домбыраның екі мың жылға жуық тарихы бар аспап екенін археологиялық деректер растай алады. Көне Хорезм қаласындағы қазба жұмыс кезінде дәл осы мерзімді қамтитытын қос ішекті шертпелі аспаптардың мүсіндері табылған болатын.Домбыра Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі; домбыра сол жерлердегі жағдайларға, салт-дәстүрлерге және орындау нықышына байланысты түрлі деңгейде дамыған. Домбыраның пішіні алмұрт тәріздес, мойыны ұзын, пернелерге бөлінген. Қос ішегі бар және оның бұрауы квартаға немесе квинтаға келтіріліп тұрады.Қобыз – керілген қылмен ойналатын ожау пішіндес аспап. Қазақтар аңдар мен құстардың дауысына ұқсайтын қобыздың үніне аруақтар келіп қонады деп сенген. Ақпарат көздеріне сүйенсек, қобызды ойлап тапқан - атақты жырау Қорқыт ата.Қобыздың қос ішегі бар, ол ағаштың тұтас бөлігінен жасалады. Ысқы доға түрінде болады және бір қарағанда жебені еске салады.Жетіген – ұзын тікбұрышты ағаштан жасалған жеті ішекті музыкалық аспап. Жетігеннің пайда болу тарихы жұт кезінде жеті бірдей ұлынан айырылған қария туралы аңызбен байланыстырылады. Қайғыдан қан жұтқан ақсақал кепкен ағаштың бөлігін алып, оған шек салып, тиек қойып, «Қарағым» атты алғашқы күйін орындайды. Содан соң, қайтыс болған өзге де ұлдарына күймен жоқтау шығарады.Жаңа күй шығарған сайын жаңа бір ішекті қосып отырады. Бұл әуендер аспаптық орындаудағы күй түрінде бізге “Жетігеннің жетеуі” деген жалпы атпен жеткенШертер – ішекті музыкалық аспап. Шертерде домбыраны тартқан сияқты шертіп ойнайды. Алайда ол домбырадан анағұрлым кішірек, мойны қысқа әрі пернесіз болып келеді, дыбысы да қаттырақ. Шертер малшылардың арасында кең тараған.Сыбызғы – қурайдан, ағаштан немесе күмістен жасалатын музыкалық аспап. Орындаушылық дәстүрдің сан түрлілігіне байланысты сыбызғының екі түрі бар. Шығыстың сыбызғысы конус пішінді әрі батыс жақтыкіне қарағанда қысқарақ, диаметрі кішірек, ал батыс жақтың сыбызғысы ірі және тұрқы ұзын болып келеді.Дабыл – ағаштардан дөңгелек шеңбер түрінде иіліп, оған тері қапталып жасалатын ұрмалы саз аспабы. Дауысы зор болғандықтан, оны белгілі бір жағдайларда дыбыстық белгі беру үшін қолданған. Ертеде ұрмалы аспаптар (дабыл, дауылпаз және шыңдауыл) қазақтардың өмірінде кең қолданысқа ие болған: ұрмалы аспаптар арқылы ауыл тұрғындарын аңға шығуға, діни әдет-ғұрыптарды орындауға шақырып, алдағы көші-қон туралы хабар беретін болған, ал жауынгерлер жаугершілікте ел шетіне жау келгенін хабарлауға, жауға аттанар жасақты жию үшін қолданған.Шаңқобыз – тілшесі бар көне музыкалық аспап. Шаңқобызды ерінге қойып, тіске тіреп ойнайды, ал ауыз қуысы резонатор қызметін атқарады. Аспап тартушы тілінің қимылы арқылы түрлі дыбыстар шығара алады. Шаңқобыздың дыбысының обертондарға бай болуы адам дауысымен ұқсас дыбыстар тудыруға, басқа да көптеген табиғи дауыстарға ұқсас дыбыс шығаруға мол мүмкіндік береді.Адырна – арфа аспабына ұқсас көп ішекті шертпелі көне саз аспабы. Оның түрі садаққа ұқсайды. Адырна аспабы ағаштан жасалады, шанағы қуыс, беті көн терімен қапталады. Оны тізеге қойып ойнайды. Ішектерін теріп ойнау арқылы дыбыс шығады.</span>
-Сәлем
-сәлем.Сен бүгінгі үй жұмысын істедінба?
-Иә,әрине.Ал сен ше?
-Істедім.
-Мүмкін бір-бірімізге сұрақ қойып тексерерміз?
-Керемет ойлап таптын.Мен бастайын:Қазақтың классикалық музыкасынын негізін кімдер қалаған?
-Біржан сал,Ақан сері,Үкілі Ыбырай қазақтың классикалық музыкасынын негізін қалаған.Ал енді сен жауап бер:Қазақтың ұлттық мәдениетінің ішінде қандай өнер жақсы дамыған?
-Қазақтың ұлттық мәдениетінің ішінде ән салу мен ән шығару,домбыра,қобыз,сырнай тарту жақсы дамыған.Бұл өте оңай сұрақ қой, ал енді менің сұрағыма жауап беріп көр:Қазақтың әндерінің көпшілігі ненің сүйемелдеуімен орындалады?
-Бұл сұрақтың жауабын білмесем ұят болар, арине домбыраның сүйемелдеуімен, себебі домбыра- қазақтың ұлттық аспабы.Сен қазақ әндері нені насихаттайтының білесін бе?
-Ойланып көрейін...Менің ойымша қазақ әндері татулық пен бірлікті,байсалды міңезді,ақылдылықты насихаттайды.
-Дұрыс айтасын.Ал кең тараған қандай қазақ әндері бар,білесін бе?
-Әрине, мысалыға "Дудар-ай","Гүлдерайым","Бір бала" және т.б.Мен қазақ әндерін сүйіп тыңдаймын.Енді сен жауап бер:Халық күйлерінде не баяндалады?
-Халық күйлері-халықтың тұрмысын,салт-дәстүрін,адамның тағдырын баяндайды.
-Бәрекелді, ал енді соңғы сурақ:Халық күйлері бізге қалай жеткен?
-Халық күйлері ұрпақтан-ұрпаққа жеткен.
-Жарайсын, сен ұй тапсырмасын беске орындап келіпсін!
-Сен де қалыспадын, бәрекелді!
-Жарайды,сау бол.
-көріскенше)