Сен тамақты күніне неше рет ішесің?
- мен 4 рет ішемін
Бүгін таңертең сен не жедің,не іштің?
-мен бүгін таңертең Қуырдақ ,пирок жедім,чай іштім
-Сенің сүйікті тамағың не?
-бешбармақ,лағман,манты,пелмен
Саған қазақтың ұлттық тағамдары ұнай ма?
-Иә ,әрине ұнайды
Қазақтың қандай ұлттық тағамын білесің?
-Бешбармақ ,Қуырдақ т.б.
Қандай ұлттық сусындарды білесің?
-Қымыз,Шұбат,Шалап.
-Оларды ішесің бе?
-Иә әрине ,олар денсаулыққа пайдалы.
-Қазақтың қандай ұлттық тағамын жақсы көресің?
-Бешбармақ,Қуырдақ,тұшпара.
-Ертең сен біздің үйге қонаққа кел.Анам ұлттық тағамдарды дәмді дайындайды.
-Рақмет.Әрине, барамын.
Бугин коп балалар сабакка кешигип келди .Мугалимдер конилди сабак откизди.Китаханада коптеген кызыкты китаптар бар.Айман бугин Далада мысыктарга Тамак берди
“Терең”сөзінің ауыспалы мағынасын табыңыз.
A) Терең білім.
B) Терең су.
C) Терең өзен.
D) Терең көл.
E) Терең құдық.
2. Езулік дауыстылар қатарын толықтырыңыз:А, ә, е, э, ы, і, ...
A) Ө.
B) Ү.
C) О.
D) У.
E) И.
3. Соңы үнді дауыссызға аяқталатын сөзді көрсетіңіз.
A) Міндет.
B) Қозы.
C) Ағаң.
D) Көрпеш.
E) Кенесары.
4. Сөздің ең алғашқы мағыналық бөлшегін қалай атайтынын көрсетіңіз.
A) Күрделі сөз.
B) Қосарлама сөз.
C) Біріккен сөз.
D) Туынды сөз.
E) Түбір сөз.
5. Күрделі зат есімді табыңыз.
A) Жұмысшы.
B) Оқулық.
C) Асхана.
D) Өнеркәсіп.
E) Басшы.
6. Сан есімге қандай тыныс белгісі керек, анықтаңыз.
Қапты 2 ден көтеріңдер.
A) Үтір.
B) Дефис.
C) Қос нүкте.
D) Нүкте.
E) Тире.
7. Заттың өзін де, белгісін де, санын да білдірмейтін, есім сөздер орнына жұмсалатын сөз табын көрсетіңіз.
A) Етістік.
B) Сын есім.
C) Зат есім.
D) Есімдік.
E) Сан есім.
8. Бұйрық райлы етістікті табыңыз.
A) Барған.
B) Барды.
C) Бар.
D) Бармақ.
E) Барар.
9. Сөйлемде неше еліктеу сөз барын белгілеңіз.
Қарға қарқ етті, ірімшік жерге салп етті.
A) 3.
B) 2.
C) 4.
D) 1.
E) 5.
10. Омоним бола алмайтын сөзді белгілеңіз.
A) Терезе.
B) Өлең.
C) Табыс.
D) Отау.
E) Орыс.
11. Сөз арасындағы кейінді ықпалды табыңыз.
A) Жүз сом.
B) Салт-сана.
C) Қара торы.
D) Қол орақ.
E) Тоғай іші.
12. Салыстырмалы шырайды табыңыз.
A) Сарғылт.
B) Аса көп.
C) Сап-сары.
D) Өте сары.
E) Сары.
13. Себеп-салдар үстеулі тіркесті көрсетіңіз.
A) Тез келді.
B) Амалсыздан көнді.
C) Дереу жетті.
D) Етпетінен жығылды.
E) Жорта сөйледі.
14. Септеулік шылауды көрсетіңіз.
A) Шынар-ай, ойымды дөп бастың, сәулем.
B) Егер жолым болып кетсе, бәріңе жақсылық болады.
C) Жұмыстан бұрын сенімен кездесу қиын боп кетті.
D) Я ұл, я қыз болсын, ұрпақ болса болғаны.
E) Көкірегі ашуға толып тұр, бірақ оны сыртқа шығармады.
15. Жанаса байланысқан пысықтауыштық қатынасты табыңыз.
A) Мәдимен кездесу.
B) Мейірімді бала.
C) Ақсақ құлан.
D) Үздік оқу.
E) Жолдассыз адам.
16. Тура толықтауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.
A) Тек жүрсең, тоқ жүресің.
B) Өтірікші өзін алдайды.
C) Оқусыз білім жоқ.
D) Әдеттің жөні-әдет.
E) Қар жауды.
17. Аралас құрмалас сөйлемнің арасына үтір мен сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз.
Егер мұғалім болғымыз келсе, жалдайтын ауыл да табылды, менің жалданғым да келді, - оған Баймағамбет болмады.
A) Бірыңғай мүшеге.
B) Қарама-қарсылық мәні болғандықтан.
C) Күрделі сөз тіркестерінің арасына.
D) Қалған сөйлемге басыңқы сыңар ұйытқы болғандықтан.
E) Себеп мәнді мағыналы болғандықтан.
18. «Біріншіден, екіншіден» деген қыстырма сөздердің мағынасын анықтаңыз.
A) Көңіл-күй.
B) Өкіну.
C) Ой тәртібі.
D) Сендіру.
E) Мақұлдау.
19. Сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз.
Абай операсы - қазақ музыкасын биік белге шығарған ірі туынды.
A) Бастауыш - сан есім, баяндауыш - етістік.
B) Қосарлы айқындауыш.
C) Бастауыш - есім, баяндауыш - есім.
D) Бастауыш сын есім, баяндауыш зат есім.
E) Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғадағы зат есім.
20. Грамматикалық тұлғаларында өзгерісі бар диалект сөзді табыңыз.
A) Маңдай.
B) Аласа.
C) Көз.
D) Пысқан.
E) Қырағы.
21. Түбір тұлғасы өзгеріске ұшырап біріккен сөзді табыңыз.
A) Қырықаяқ.
B) Саңырауқұлақ.
C) Ақкенже.
D) Түрегел.
E) Ілімхан.
22. Еркін сөз тіркесін табыңыз.
A) Қоян жүрек.
B) Су жүрек.
C) Қалта сағат.
D) Жүгіріп бара жатыр.
E) Төбе шашы тік тұру.
23. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
A) Ердостың атқа мінгісі келді.
B) Абай шығармаларынан үзінді келтірді.
C) Асанмен бес жыл бірге оқыдым.
D) Қызықты кітап.
E) Мөлдір бұлақ.
24. Төлеу сөзді көрсетіңіз.
A) – Айналайын, келінжан, өркенің өссін!
B) Той да өтті, Ыбыштың есін алған көкпар да өтті.
C) Артына қарап өкініш көрсе, алдына қарап үміт көреді.
D) Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ.
E) Сәбит Мұқанұлы бір кітапты бітіріп, екіншісін бастағанда, демалатынын айтты.
25. Соңғы жылдары шешендік сөздерді жинап, зерттеп, танытуға үлес қосқан ғалымды табыңыз.
A) Ә.Кекілбаев.
B) М.Жұмабаев.
C) А.Байтұрсынов.
D) Б.Адамбаев.
E) С.Сейфуллин.
1. A
2. E
3. C
4. E
5. D
6. B
7. D
8. C
9. B
10. E
11. C
12. A
13. B
14. C
15. D
16. D
17. E
18. C
19. E
20. D
21. D
22. C
23. C
24. E
25. D
Абай атамыз өлең сөздің патшасы сөз сарасы деп бекерден бекер айтып кетпеген. Жалпы өлеңнің өзі сөздерден құралғандықтан сөздің сиқыры бар дегенге сенемін. Мысал ата-анамыз бізге жақсы сөйлесе біз марқайып, көңілді болып қаламыз. Қазақта жақсы сөз бар жылы жылы сөйлесең жылан інінен шығады дегендей. Сөз құдіреті адамды жоқтан бар жасайды. Тілдің құдіреттілігі шығар. Өнер алды қызыл тіл . Жалпы айтқанда өлеңнің сиқыры бар, ол бізге көрінбейтін бір дүние шығар кішкентай баланы тәтті ұйқыға жібергенде анамыз бесік жырын түрлі әндер айтып ұйықтататын.