Демалыс кезінде менің шашым өсіп кетті. Әкем мені шаштаразға апарды. Ол жерге бірінші рет бардым. Сол жерде істейтін апай бізді күлімсіреп қарсы алды. Іші кең, әрі таза екен. Мені үлкен айнаның алдына отырғызды. Шаш үлгілері көрсетілген суреттерді ұсынды. Содан кейін, менің шашымды бұрынғысынан да әдемілеп қиып берді. Енді шаш қидыруға шаштаразға барып тұратын боламын.
Сын есімдер:сүйкімді,жағымды,жоғары,көтеріңкі,қолайсыз,әдемі,қара,сары.
1)Менің сүйкімді күшіктерім бар.2)Анамның дауысы жағымды естіледі.3)Әпкем тәттілерді жоғары тұрған сөреге қойып қойды.4)Бүгін сабақта көтеріңкі көңіл күйде жүрдім.5)Кейбір ұлдардың есімі қолайсыз келеді.6)Әкем анама әдемі гүлдер сыйлады.7)Маған қара түс ұнайды.8)Бақшада сары гүлдер жайқалып өсіп тұр.
Жыл соңында Азамат мектеп кітапханасына кітаптарын өткізді. Сол кітаптардың мұқабасы жұлым-жұлым, беттерінде май ,кір қолдың іздері бар еді. Бұл биылғы оқу жылында келген жаңа кітаптар еді.Кітаптардың жарты беті жыртылған, іші шимай сызылған екен.Кешке кітапханада ешкім жоқта,бұл кітаптар сөреде тап-таза ,жаңа күйінде тұрған кітаптарға қызыға қарап, мұңдарын шақты.Бұны есіктің сыртында кітапханашы апай естіп қалып, Азаматты шақырып, оқулықтардан кешірім сұратып, кітаптарды жөндеткізді.
Мен сагат алтыда турамын.Бет!-колымды сумен жуамын.Т!с!мд! т!с пастасымен жуамын.Мен танертен мектепке барамын.