<span>САҒЫРБАЙҰЫЛ ҚҰРМАНҒАЗЫ Сағырбайұлы Құрманғазы
(1823-1896) – қазақтың ұлы күйші-композиторы. Туып-өскен жері Бөкей
хандығы, қазіргі Орал облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген
жер. Топырақ бұйырған орыны – Астрахань (Ресей) облысының бұрынғы
«Шайтани батага», қазіргі «Құрманғазы төбе» деп аталатын жер. Шыққан
тегі – Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қызылқұрт
бұтағы. Құрманғазының жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ
ауызды, сөз дарыған адам болыпты. Ал, нағашы жұрты – Беріш руы. Қалмақ
шапқыншылығы кезінде асқан ерлігімен көзге түскен Ағатай батырдың есімі
исі Берішке ұран болған. Одан берідегі Өтеміс би, Махамбет ақын, Исатай
батыр бір ғана Беріш руының емес, исі қазақтың ардақты ұлдары.
Құрманғазы сахараның даңғыл көкірек дәулескер күйшісі Соқыр Есжанның
алдын көріп, Дәулеткерей сияқты жайсаң күйшімен сырлас болып, Шеркеш,
Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің өнерінен өнеге алған.
Құрманғазының ғұмыр кешкен уақыты, әсіресе оң солын танып,
өмір-тіршілікке белсене араласа бастаған кезі мейлінше күрделі еді. Бұл
кезең патшалық Ресей жүргізген отаршыл саясаттың ең бір қарқын алған,
әбден құныққан, шектен шыға басынған кезі болатын. Қашанда ел басына
келген нәубеттің ауырлық тауқыметі ең алдымен еңсесі биік ерлердің
иығына түсетін әдеті. Замана зобалаңы Құрманғазыны да от-жалынымен
шарпып бағады. Оның «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Ертең кетем»,
«Бозқаңғыр», «Пәбескі», «Терезеден-есіктен», «Бозшолақ»,
«Бұқтым-бұқтым», «Не кричи, не шуми», «Арба соққан», «Аман бол, шешем,
аман бол» сияқты күйлері замана басқа салған зобалаңның бір-бір бекеті
сияқты. Ол қатал тағдырдың кез келген талқысына өнерімен жауап беріп,
өнерімен белгі қалдырып отырған. Құрманғазы өмірге ғашық күйші.
Тіршіліктің нұрлы сәттеріне ол балаша қуанып, қалтқысыз сезімге бөлене
алады. Оның «Қызыл қайың», «Ақжелең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын»,
«Серпер», «Назым», «Балқаймақ», «Бұлбұлдың құрғыры», «Ақсақ киік»,
«Төремұрат», «Қуаныш» сияқты күйлері өмірге іңкәр жанның жүрек лүпілі
сияқты. Құрманғазыны суреткер ретінде айрықша даралап көрсететін қасиет –
ол концептуалды күйші. Бір ұрпақ емес, екі ұрпақ емес, бірнеше ұрпақтың
тағдырына ықпал ететін заманалық құбылыстарға бойлай үңіліп, ой толғау
Құрманғазының рухани болмысына тән. Оның «Жігер», «Көбік шашқан»,
«Кішкентай», «Ақбай» сияқты күйлері өзі ғұмыр кешкен заманның
тарихи-әлеуметтік болмысына берілген күйші философтың бағасы.
Құрманғазының асқақ рухы бір ғана музыка саласына сиятын құбылыс емес.
Мұндай тегеурінді дарынның болмысы біртұтас ұлттың рухани болмысына
айғақ бола алады. Ұлт тағдырындағы тарихи ұлы өзгерістердің барша
қуаныш-қайғысы қашанда біртуар перзенттерінің тағдыр-талайымен шендесіп
жатады. Бұл, орайда, Құрманғазы өзінің қайталанбас өнерімен ғана емес,
өмірімен де туған халқының бүкіл қасиетіне, сол бір алмағайып аласапыран
кезеңнің хал күйіне ең жарқын айғақ бола білді. Ол өзінің қанатты
күйлерімен поэзиядағы Махамбет сияқты ғылымдағы Шоқан сияқты, майдан
даласындағы Кенесары сияқты, өршіл рухына қылау түсірмей, замана
тауқыметін қайыспай арқалап ғұмыр кешті. </span><span />
Ұлы Жібек жолы - Ежелгі және орта ғасырларда Шығыс Азияны Жерорта теңізімен байланыстыратын керуен жолы. Ол негізінен Қытайдан жібек экспорты үшін пайдаланылды, сондықтан оның атауы байланысты.Ол елдер арасындағы сауданы дамытуда үлкен рөл атқарды.Ол арқылы түрлі зергерлік бұйымдар мен бұйымдар тасымалданды, бірақ ең құндысы жібек болды.Ұлы Жібек жолы Шығыстағы Таяу Шығыстың дамуына түрткі болды.
Батыс Еуропада бола отырып, қала Азияда - халықаралық сауда, керуен жолдарындағы транзиттік пункттердің рөлі болатын негізгі базарларда қызмет етті.Міндетті түрде қонақүйлер мен қоймалар функцияларын біріктіретін керуен-сарай болған. Шетелдік көпестер үшін ең танымал тауарлар үшін арнайы базарлар ұйымдастырылды. Сауда керуендеріне - аудармашыларға, ақша ауыстырушыларға, жезөкшелерге, түйелер жүргізушілеріне, керуен күзетшілеріне, салық жинаушыларға және т.б. қызмет ететін көптеген кәсіптер адамдар болды.Құрлықтық Азияның сауда қалаларының алыс қашықтықтағы керуен саудасына қызмет етуі «Жібек жолының» жойылуына әкеліп соқтырды. Олардың кейбіреулері мүлдем жоғалып кетті.
Алғашында өз әкесінен, ауыл молдаларынан сауат ашқан. Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді. Болашақ ақынның бұдан соңғы біраз уақыты ауылда өтеді.1919 жылы. Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі.Оны бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады.1922 жылыВерныйдағы (Алматыдағы) Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалады.1925 жылы Мәскеудегі Журналистика институтына оқуға түсіп;1928 жылы бітіріп шыққан соң, «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке жіберіледі. Жансүгіров шығармалық жұмыспен қатар Қазақстан Жазушылар одағын ұйымдастыру ісіне де белсене қатысқан.Бұрынғы ҚазАПП (1926) таратылған соң 1932 жылы Жазушылар одағын ұйымдастыру комиссиясының төрағасы болып сайланып;1934 жылы өткен 1-съезге дейін қызмет істейді. Съезде Қазақстан жазушылар одағының алғашқы төрағасы болып сайланды.1934–1937 жылдары Қазақ саяси баспасының редакторы, сонымен бір мезгілде;1933–1936 жылдары Қазақ АКСР-і ОАК-нің мүшесі болды.1937 жылы жалған саяси айыппен тұтқындалады.1938 жылы ату жазасына кесілген.1958 жылы ақталды