Ответ:
Люксембург - бұл күлкілі мемлекет. Үкімет конституциялық монархиясының нысаны. Люксембургтың астанасы- Люксембург. Ол батыс Еуропада орналасқан. Солтүстігінде Бельгиямен, батысында және оңтүстігінде Франциямен, шығысында Германиямен шектеседі. Люксембургтың теңізге баратын жолы жоқ. Люксембургтың өзендері :Шьер, мозель, Варк және тағы басқалары. Климаты қалыпты. Жері тегіс. Ең биік нүктесі - Кнайфф төбесі (560м). Халық саны 602.000 адам.
Түркістан
Қазақстандағы қала Түркістан облысының әкімшілік орталығы
Түркістан (қаз. ٴتۇركىستان) — Қазақстандағықала, Түркістан облысының әкімшілік орталығы. [4]. Түркістан – V-VІ ғасырларда іргетасы қаланған. Есім ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған. Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. ХІV ғасырда Ақсақ Темір іргетасын қалаған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бар. Бұл қалада Қожа Ахмет Ясауи өзінің уағызшылық қызметін жүргізген. Кесене аумағында Қаз дауысты Қазыбек би, Абылай хан, Есім хан, Хақназар хан, Тәуке хан, Қанжығалы қарт Бөгенбай батыр тағы басқалар жерленген Қаланың іргетасы біздің заманымыздың 1-мыңжылдықтың бас кезінде каланған.
МЕНІҢ МЕКТЕБІМ ҮЛКЕН. МЕКТЕПТЕ КОП БАЛАЛАР БІЛІМ АЛАДЫ.БАЛАЛАРДЫН ІШІНДЕ МЕН ДЕ БАРМЫН.БІЗДІН ӨТЕ ƏДЕМІ МЕКТЕПТЕ ƏДЕМІ АПАЙЛАР БАР.МЕНІҢ МЕКТЕБІМ ƏДЕМІ
<span>Павлодар облысы - 1938 жылғы қаңтар айында құрылған. Облыс орталығы – Павлодар қаласы, ол Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын Ертіс жағасында орналасқан. Павлодар қаласы өте әдемі және таза. Мында зауыттар, институттар, колледжер, мектептер, мұражайлар, ауруханалар, балабақшалар бар. Және де қалада атақты адамдарға арналған әр түрлі ескерткіштер көп, олардың есімімен көп көшелер аталынған. </span>
Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмтылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатын шығар. Мектеп-білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде он бір жыл уақытты әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, он бір жыл бойы білім алып, таудай болып шығамыз. Алғашқыда мектепке келіп әрбір әріпті, әрбір санды жазып үйрену қалай қиынға соққан еді? Уақыт өте бәрі өзгерді. Жазуды да, оқуды білмейтін кішкентай балалар бүгін міне, мектеп бітіру туралы атестатты қолдарына ұстап, үлкен өмірге жолдама алды. «Қашан ғана осы мектепті бітіремін» деп ойлайтын кездер көп болып еді. Қазір сол мектепті бітіріп шыққаныма өзім сене алмаймын. Көзді ашып-жұмғанша уақыт тез өтті де кетті. Соңғы қоңырау осы жылы біз үшін расында да соңғы рет соғылды. Сонша асығып бітіргім келген мектебіммен қимастықпен қоштасып отырмын. Мектеп қабырғасында өткен қайран уақытты бағаламаппыз. Мектеп қабырғасында өткізген әрбір күн, әрбір қырық бес минут балалық шағымның балғын уақыты болып қала бермек. Мектеп «үлкен отбасы, ұстазымыз біздің ақылшымыз, анамыз, сыныптастарымыз жақын досымыз. Мектеппен қоштасу» балалықпен қоштасу. Мектепте біз шынайы дос табамыз, білім алып, өмірді үйренеміз. Мектеп бізге тірек беріп, жылулық пен бақыт сыйлайды. Ал ұстаздар болса бізге үйретуден еш жалықпас. Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шаттыққа толы кездер. Дәл осы кездер есімізде ең жарқын естеліктер болып қалады. Кейде бірінші сыныпта оқитын балаларға қарап, өзімде қайтадан сол шақтарға оралғым келеді. Басымнан қайтадан бастауыш сыныптағы қызықтарды өткізгім келеді. Өз мектебімді шын мәнінде жақсы көремін. Осында өткізген әр қырық бес минутты сағынатын боламын. Бүгін, мен – мектеп бітірген түлекпін. Мектебімен қимастықпен қоштасатын түлекпін. Арада біраз жылдар өтіп, мен, менің сыныптастарымыз үлкен азамат болып, әр қайсымыздың өз отбасымыз болады. Бірақ арада қанша жыл өтседе, қанша жасқа келсем де, қандай адам болсам да балғын балалық шақтарым өткен алтын ұям-мектебім жүрегімнің төрінде болатыны анық. Мектебім маған үлкен өмірге жолдама берді, үлкен өмірге дайындады. Енді мектебім мен үшін жауапты емес, бірақ мен мектебімнің алдында әлі қарыздармын. Ендігі жолы алдыма үлкен мақсаттар қойып, асқар асуларды бағындырып, елім мақтан тұтатын азамат болғым келеді. Бұл менің мәпелеп өсірген әке-шешемнің, ақылшы ұстазымның, алтын ұям-мектебімнің алдындағы борышым!