Етістіктің райлары Сөйлемде етістік кимылды, іс-әрекетті, жай-күйді білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге сол кимылдың, іс-әрекеттің, жай-күйдін өтуі, бір жағынан, айтушының я сөйлеушінің пкірімен екінші жағынан, ол пікірдің ақикат шындыққа қатысын білдірумен байланысты болып отырады. Мысалы: Ағаш кессең, ұзын кес, қысқартуың оңай, темір кессең, қыска кес, ұзартуың онай (мақал). Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін (А). Жүзі жылы жандарды құшақтағым келеді (Қ. Б.).
Бұл мысалдағы кессең және кес, жазбаймын, құшақтағым келеді деген етістіктер кесу, жазбау, құшақтау кимылын, іс-әрекетін білдіріп қана тұрған жоқ, сонымен бірге сол қимыл, іс әрекеттің орындалу шартын (кессең), орындалуын талап етуін (кес), белгілі бір мезгілде, шақта іске асуын, орындалуын хабарлауды (жазбаймын), орындалу ниетін, жүзеге асуда ықыласын (кұшақтағым келеді) білдіріп, сөйлеушінің шындыққа, болмысқа деген пікірін, көзқарасын айқындап тұр. Бұл мағыналар белгілі грамматикалық тұлғалар аркылы берілген. Мысалдағы кессең де-гендегі шарттылық — се жұрнағы арқылы, кес дегендегі талап ету, бұйрық мәні 2-жақ бұйрықтық тұлға (формасыз тұлға немесе нольдік форма) арқылы, жазбаймын дегеңдегі қимылдың белгілі шақта орындалуы көсемшенің -й жұрнағы арқылы, құшақтағым келеді дегендегі қимылдың болу ниеті, ықыласы етістік түбіріне -ғы жұрнағы және одан кейін тәуелдік жалғауы жалғанып, оған кел көмекші етістігі тіркесу арқылы жасалған. Сөйтіп, сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа катысын, айтушының пікірін, көзқарасын білдіріп, белгілі грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын етістіктің түрі рай категориясы деп аталады.
Етістіктің райлары кимылдың, іс-әрекеттің жүзеге асу, орындалу мүмкіндігіне қарай төрт түрге бөлінеді: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай және қалау рай.
Етістіктің райлары- Орындаушының іс-қимылға байланысты ой-пікірін, қатынасын білдіреді. Шақ түрі Ереже Мысалы Ашық рай Іс-қимылдың қай шақта орындалғанын білдіреді. Мен келдім. Мен келемін. Ол жейтін. Бұйрық рай Іс-қимылдың бұйыру, талап ету, өтіну ретінде айтылуы мағынасын білдіреді. Мен келейін. Сен бар. Ол айтсын. Шартты рай Іс-қимылдың орындалу- орындалмау шартын білдіреді. Мен сабақ оқысам, бес аламын. Қалау рай Іс-қимылды орындаушынының қалауын, тілегін, ниетін білдіреді. Біздің сабақ оқығымыз келеді.(келген, келді)
"Денсаулық - зор байлық" дейді дана хал-қымыз. Тек ойлап қарасаныз, денсаулық -адам баласына табиғат сыйлаған ең басты байлық. Сау кезімізде сол теңдесі жоқ табиғат сыйының бағасы мен қадірін білмейтінімз өкінішті-ақ! Мордва халқының: "Денсаулықтың шайқап алсаң кесесін, енді қайтып толтыра алмассың есесін" деген мақалы бар екен. Сол айтылғандай, денсаулықты оп-оңай жоғалтып алуға болады, оны қайта қалпына келтіріп түзету өте қиын. Себебі адам организмінің қалыптасқан қызметі бұзылған соң, тез арада жөнделе салуы мүмкін емес.
Қыз əкесінен бөлменің кілтін сұрайды ол бөлмені алғысы келеді ,жыл өткеннен кейін кілтті алып есікті ашып жібереді ,бөлмеден өзіне ұнайтынын таба алмайды; одан əкесіне барып жылайды,əкесінің айтқан ақылын тыңдайды