Ортақ етіс Қимыл, іс-әрекеттің иесі, орындаушысы біреу емес, бірнешеу болып, -ыс, -іс, -с жұрнақтары арқылы жасалатын етістің түрі ортақ етіс деп аталады. Мысалы: Омар мен Оспан хат жаз-ыс-ты. Қыз бен жігіт сөйле-с-ті. Ол бізге үй сал-ыс-ты. деген сөйлемдердегі жазу, сөйлеу, салу қимылдары бір ғана субъект (іс иесі) тарапынан емес, бірнеше орындаушы (Омар мен Оспан, қыз бен жігіт, ол мен біз) арқылы іске асатынын көрсетеді.
Ырықсыз етіс пен өздік етіс жұрнактары сабақты етістікке жалғанып, оны салт етістікке айналдырады: әңгімені айт-ты,— әңгіме айтылды, сөзді сөйледі — сөз сөйленді, қолын жуды — ол жуынды, т. б. Өзгелік етіс жұрнағы салт етістікке жалғанса, салт етістікті сабақты етістікке айналдырады: шам сөнді — шамды сөндірді, оқушы орындықта отырды — окушы орындыққа отырғызды, хат жетті —хатты жеткізді т. б. <span>Етіс жұрнактары кейде бірінің үстіне бірі қабаттасып та жалғана береді: Сөйле-с-іл-ді, жүр-гіз-іл-ді, айт-ыс-тыр-ды т. б.</span>
Сәлем камила! Бірінші мамыр қандай мерекесы? Бірінші мамыр қазақстан бірлігі күні Халық оны қалай тойлайды? Осы күны қазақстанда адамдар демалады, көшеде парад болады Жаксы екен. Бірінші мамыр жылдам болу екен Неге? Себебі біз демаламыз