Аппақ ас, сызы бар,
Балалар қызығар.
(Балмұздақ)
Аппақ қардай,
Дәмі балдай .
/Балмұздақ/.
Мұз сынды түрі
Тәтті дәмнің бірі
/Балмұздақ/
Біздің кабинет өте әдемі.Себебі біздің кәбинетке сұлулық беретін гүл бар.Біздің сыныпта парталар көп.Жәнеде апайдың партасының жанынан жиһаз, тақта кқруге болады.Тақтада біз тапсрыма орындаймыз.
Мен Ақтауда тұрамын, ол менің туған қалам, кіші Отаным. Сондықтан туған өлкемді қадірлеп, мақтан тұтамын. Мектебім де қаланың орталығында орналасқан. Мен үшін Ақтаудың орны ерекше.
Ақтау қала ретінде XIXғасырдан таныла бастаған. Өзіндік тарихы бар туған қаламның бүгінгі көрініс көз тартарлық. Каспий жағалауы – Ақтаулықтардың, қонақтардың демалыс орны. Жыл барысында өткізілетін дәстүрлі мерекелер осы жағалауда орналасқан орталық алаңда ұйымдастырылады. Ақтауды мәдени орталық ретінде көпшілік мақтаныш етеді. Облыс орталығы болғандықтан ірі өнеркәсіп зауыттарынан алюминий, әсіресе мұнай, сүт өнімдерін т.с.с өндіріледі..
Мынадай бақытты өмірде, тыныштығы жарасқан қазақ жерінде , Ақтаудай көркем қалада өсіп келе жатқаныма ризамын. Келешекте өмірден өз орнымды тауып, кірпіш болып қалану- басты мақсатым.
Тамақ жемеген адам бір айға дейін шыдай алады.Ал сусыз үш күнге ғана шыдайды.Шөлге шыдамды түйенің өзі сузыз сегіз тәулікке ғана шыдайды.
Қазақ халқы – ежелден қонақ десе, ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын» десе болды, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Оның үстіне қазақта «Қырықтың бірі - Қыдыр», «Қонақты қусаң- құт,ырыс қашады», «Қонақпен еріп құт, ырыс келеді» деген мәтелдер бар. Сондықтан халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген.Қонақты үй иесі қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге кіргізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені.Алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайды құю, қонақтарға орнымен сый-сияпат көрсету сол үйдегі әйелдер мен бойжеткен қызға үлкен сын болған. Шайды дәмділеп құйып бере алмаған бойжеткен қыз тәрбиесіз саналып, әңгімеге ұшыраған.Шай ішілген соң асқа дейін қонақтардың көңілді отыруына, яғни олардың бабын табуға үй иесі бар жағдайын жасайды. Үй иесі әңгіме-дүкен құрып, қонақпен бірге отырады. Реті келсе, ауылдағы әнші, күйшілерді шақыртып, әңгіме арасында қонақтардың көңілін көтереді. Үй иесінің балалары да аяғынан тік тұрып қонақтарға қызмет көрсетеді.Қонақ күту – халқымыздың ең жауапты ісі.