Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы лық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік меке- мелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор. Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. 1840 ж. француз жазушысы О. де Бальзак баспасәзді «төртінші билік» деп атады. Билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бүл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, сая- сибиліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді.БАҚ-тың атқаратын қызметі әртүрлі, сарапшылардың пікірінше олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыру және т.б.
9-тапсырма.
• Білім – арзан,білу – қымбат.
• Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
• Кітап – қымбат қазына.
• Білегі күшті бірді жығар,
Білімі күшті мыңды жығар.
10-тапсырма.
Менің бөлем келді.Әкемнен рұқсат алдым.Бөлеме әкемнің әліппесін сыйладым.Бөлеме:«Әліппені ұқыпты ұстауға!»–дедім.Әкемнің әліппесі мен үшін қымбат.Бөлем бұл кітапты ұқыпты ұстайтын боп сөз берді.Бөлем қатты қуанды.Мен оған:«Талабыңа нұр жаусын!»–деп тілек айттым.
Жақты сөйлем:
1. Мен ауылға бардым.
2.Кітап- білім бұлағы.
3. Сабақ оқуым керек.
Жақсыз сөйлем:
1.Менің оқығым келеді.
2.Оны алуға болмайды.
3.Бізге сабақтан қалуға болмайды.
Күй — музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, қобыз, сыбызғыда шығарылып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына байланысты, күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында көп орындалады. Күй — қазақ, қырғыз, өзбек халықтарының аспаптық музыкасына тән атау. М. Қашқариға сілтеме жасай отырып, күй сөзінің төркіні "көк" деген түркі сөзінен шығуы мүмкін деген болжамдар бар.