1.Зат есім: бет, қол, оқушы, ауыл, әке, ана, кітап, мұғалім, құс,тау, орман, мектеп т.б
2.Сын есім: қызыл, биік, тәтті, ақ, тентек, зерек, үлкен, кіші, сары, ащы,қышқыл, тұщы т.б
3.Сан есім: бір, бес, он,жеті,екінші, бесінші, он бірінші,жиырма сегіз,тоғыз жүз бір т.б
4.Есімдік:мен, сен,сіз, ол,сол,осы,осынау,барлық,барша,ешкім, біреу, бірдеме,кей,кейбір,бірнеше т.б
5.Етістік:кел,бар,оқы,көр,жаз,ал,қойды,айтты,оқыды,жазды,жайды,амандасты, ойна,шегеле т.б
6.Үстеу: жылдам,тез,ақырын,ерте,кеш,бұрын,жорта,жоғары,төмен,қазір,былтыр,алға т.б
7.Еліктеу сөз: арбаң-арбаң, сарт-сұрт, қалт-құлт,жалт-жұлт,тырс,бүгжең-бүгжең, ыржың-ыржың,былш,сарт, дыз,қолп, т.б
8.Одағай: ойпырай,алақай,бәрекелді,пай-пай, өй, тек,көс-көс,айт,қош-қош, құрау-құрау,ау,қап, шөре-шөре т.б
9.Шылау:туралы,сайын,арқылы,бірге,таман,жайлы,дейін,шейін,қарай,яки,немесе,алайда т.б
Адамгершілігі мол бала қандай бала? Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсететін, елгезек, әркез достарына қол ұшын созатын оқушы. Біз досым Дарын екеуміз әрқашан апайлардың айтқанын қалт жібермей ұғып, мұқият тыңдаймыз. Сыныбымызға көмектесуге дайын тұрамыз. Өйткені, бізге ата-анамыз, ұстаздарымыз, тәрбиешілеріміз солай үйреткен. Кез-келген адам білімді болуы мүмкін, тек оны дұрыс мақсатқа жұмсап, елімізге қызмет еткіміз келеді. Оқушылардың жаман әдеттерден аулақ болғаны жөн деп ойлаймын. Нашар қылықтарға үйір болсаң, жақын адамдарыңның көңіліне қаяу түсіресің. Қазіргі таңдағы оқушылар алдына айқын мақсат қойған, әдепті, әділетті, жат қылықтардан аулақ, терең білімді болу керек. Менің достарым сондай оқушылар.