Сәлем. Сәлеметсіз бе! Бұл «Тұран» мейрамханасы ма?Ия. бұл «Тұран» мейрамханасы. Айтыңыз, мен сізді тыңдаймын.Мен сегізінші наурызда кестені алдын-ала тапсырыс бергім келді,Жақсы, қанша орын және қанша уақыт?Шамамен 10 адам. Бес сағатқа жазуиондар, сіз біле аласыз?Бір адамға төрт мың тонна. Төлем сомасының жартысыбірден, қалғаныоқиғадан кейінгі соманы төлеңіз.Жақсы. Және сіздің мәзіріңіз қандай?Бұған алаңдамаңыз, біз ұлттық тағамдарды жақсы дайындадық. әртүрлісалаттардың түрлері.Өте жақсы, ертеңгі сағат тоғызда келемін.Сау болыңыз!кездескенше!
ХХІ ғасыр адамзат баласының ой-өрісінің ерекше өсіп, өркендеп жетілген ғасыры болып отыр. Үйіңізде компьютер болса, ол ғаламторға қосылса, бүгінде кез - келген мемлекеттегі танысымызбен интернет арқылы хабарласа беретіндей жағдайға жеттік. Өзіңізге керек мәліметті ғаламтор арқылы жылдам тауып алып, керегіңізге жарата бересіз. Компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі, жұмыс өнімділігін арттыру болып табылады. Есеп - қисап жасау, мәліметтерді өңдеу, құжаттарды қағазға басып шығару істеріне пайдалансаңыз, сіз бір сағатта көптеген жұмыс жасай аласыз. Мысалы, машинкада мәтін басатын ең шебер адам минутына 60 - 80 сөз, 6 - 8 жол басса, компьютер 120 жол басады, демек, 1 компьютер 200 адамды алмастырады екен. Мысал келтіретін болсақ: әр пәннен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен, яғни, жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады. «Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз. Қазіргі кезде өркениетке өзін жақынмын деп санайтын кез - келген қоғам мүшесі ең әуелі шет тілін немесе компьютер үйренуге талпынады. Неліктен? Өйткені шет тілі мен компьютердің тетігін тапсаңыз, көптеген тірліктеріңіз оңайласты дей беріңіз, ғаламторға шығасыз, материал жинайсыз, бос уақытыңызды өткізесіз, ойын ойнайсыз дегендей…Қазір жаңа заман біз бәріміз компьютерді толықтай білуміз тиіс. Компьютер бізге зиян деп жатамыз, онымен жұмыс істеп қолдана білсең еш зияндығы жоқ. Сөзімді қорытындылап келіп жаңа информациялық технология қарқынды даму үстінде - осыған байланысты компьютерде еркін жұмыс істеу, одан информацияны ала білу, оны өңдеу және күнделікті істе пайдалану дамудың қажетті шарты болып табылады. Компьютердің алдында үздіксіз жұмыс істеу, қан қысымын көтереді. Миопия яғни, көз жанарының алыстан немесе жақыннан көру қабілеті нашарлайды. Құлақтың есту қабілетін төмендетеді, баланың ұйқысы бұзылып, асқа тәбеті болмайды. Ал ұйқысы қанбаған баланың зейіні төмендейді. Сонымен қатар, омыртқаға көп күш түсетіндіктен, (сколиоз омыртқа буынының қисаюы) омыртқа ауыруына шалдығуы мүмкін. Электрленген сәулелер саусақ ұштарына әсер етіп, қолдың буындарына зақым келтіреді. Сонымен компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынандай: Көздің көру қабілетін төмендетеді; Омыртқалардың қисаюына әкеледі; Жүйкеге салмақ түсіреді; Шаршағыштық, әлсіздік басады. Бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен тыс компьютерге тәуелді болып "байланады". Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл - ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл - күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім "жабық әлем" қалыптасады.
Қыс
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады. Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін! Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
Күз
Міне, қыркүйек туды, күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады. Жұрт күземін алған, киізін де басып алды. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алып, шашындыда әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолын күтіп отыр. Ел тегіс биесін ағытып, пысық қатындар желі-ноқтасын кептіріп алды. Жаз күні көп байлағаны есіне түсіп, қымызшыл шалдар арық құлынын жаңа аяп отыр. Ер азамат қыстауды түзеп, кемпір мен шал, борбай балалар от басында отыр. Жаз рақат болса да, киіз үйдің күзді күні суығы-ай!
Мәндес сөздер-мағынасы жуық сөздер.
мысалы;Батыр, ержүрек, ер, өжет, батыл.
2. мысал. Әдемі, сұлу, көркем.