Сан есім жіктеліп келіп немесе көмекші етістіктермен тіркесіп келіп баяндауыш та болады. Мысалы: Атадан — алтау, анадан — төртеу, жалғыздық көрер жерім жоқ (А). Біз екеу едік (Б. М.) деген сөйлемдерде алтау (біз алтаумыз), төртеу (біз төртеуміз) сөздері нешеу? (нешеуміз?) деген сұраққа, екеу едік деген нешеу едік? деген сұраққа жауап беріп, жіктеліп келіп (алтау, төртеу дегендердің І-жақ жіктік жалғауы елең сөздін ерекшелігіне байланысты түсіп қалған) баяндауыш қызметін атқарып тұр.
Ермахан Сағиұлы Ибраимов 1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысында туып өскен.Ермахан Ибраимов 1996,2000 жылдары Қазақстан Олимпиада алауын алып жүрді.Оның орташа салмағы 71 кг.1996 жылы Атлантадан қола медальмен,1997 жылы Будапешттен күміс медальмен,1999 жылы Хьюстоннан қола медальмен.2000 жылы Сиднейден алтын медальмен оралды.2000 жылы "барыс"орденімен және "дарын" мемлекеттік жастар сыйлығымен марапатталды.2002-2004 жылдар аралығында ұлттық құрама командасының бокс спорты бойынша бас бапкері болып жұмыс істейді.
Бұрынғы өткен заманда апайтөс Арқаның бел ортасында бір қауымдық жұрт өмір сүріпті. Жағалары жайлауда, жандары рахатта тамаша ғұмыр кешкен. Шұрайлы жерден қоныс алған малға да, жанға да бай өлкенің тұрғындарында: «Бізде барлығы да бар. Бірақ сол мал-жанды қорғайтын батырымыз болса екен», - деген бір ғана армандары болыпты. Күндердің күнінде бір отбасында алтын айдарлы алып бала дүниеге келіп, ел-жұрты болып үлкен той жасайды. Сол нәресте жыл санап емес, күн санап ержете бастайды. Туған-туысқандары да көркейіп келе жатқан баланы өз атымен атамай көз тимесін деп, Толағай дейтін болыпты. Сөйтіп баланың аты Толағай атанып кетеді. Күндердің бір күнінде жер қуаңшылық тартып, жаңбыр болмай, ел күйзеліске ұшырайды. Халықтың басына түскен ауыртпалық Толағайды да қатты мазалапты. Сонан бері Толағай Дана деген қарт ақсақалға барып, ақыл сұрапты. Сонда қарт айтқан екен: - Қарағым Толағай, біздің жеріміз жазық, бұлт үйіріліп тоқтайтын тауы жоқ. Жаңбырдың болмауы сол себептен,- дейді. Толағай айтқан екен: - Ата, сіз рұқсат етсеңіз, мен барып бір жерден тауды арқалап алып келсем болмай ма? - дейді. Сонда қарт айтқан екен: - Шырағым Толағай, елді ойлап егіліп тұрсың-ау! Тау арқалап әкелу оңай болмас, дегенмен ондай талабың болса, оңтүстік өлкеде Алатау деп аталатын алып таулардың ақсақалы бар, рұқсатты сонан сұрарсың, - деп батасын береді. Сөйтіп, тауды арқалап әкелуге сайланған Толағай сапарға шығыпты. Арада ай өтеді, жыл өтеді. Бір күндері Ақ басты Алатауға жетіп, «Ассалаумағалейкум» деп сәлем беріпті, өзінің талап-тілегін айтыпты. Маңғаз Алатау талапты ерге зор қошемет көрсетіп, етегінде орналасқан бала тауды Толағайға арқалатып қоя береді. Алғашқыда аяғын ширақ басқанымен иығына түскен салмақ еңсесін езіп, бірте-бірте әлсірете бастайды. Арада көп уақыттар өтеді. Арқасында тау, әлсіреген, қансыраған Толағай елінің шетіне іліге бере тізесі бүгіліп, құлап түседі де ұйқыға кетеді. Арқасындағы тау болса батыр жігітінің үстінен басып қалыпты. Сонан сол Толағай күні бүгінге дейін тау астында ұйықтап жатыр дейді. Ал жаңағы Бала тауды ел «Толағай» деп атап кетіпті.
Мен кемеде жузiп келемин.апай маган оз анамнын суретин сызуды аитты.Айдос аппайдан тусинбегенин сурады.Жаз келiп кун ыси бастады.Кеше Алина достарымен жагажаига барды.
Ақпараттық, техникасымен, қолдануға, болуға, алуға