Қазақстан- көп ұлтты мемлекет. Əрине, əрбір адам осындай керемет мемлекетте тұрғанына, туып-өскеніне, білім алғанына қуану керек. Себебі, Қазақстанда 150-ден астам ұлт өкілі тұруда. Жəне бəрі бір шаңырақ астында тату-тəтті тұруда.
Бұл біздің мақтан етуімізге бір себеп. Тағы да бір себеп- ол біздің татулығымыз. Бұл дуниеде қазақтардан асқан тату ұлт болса, таңқалар едім. Қазақтар- өз салт-дəстүрлерін заманнан заманға дейін сақтап, дəріптеуде. Біз еліміздің тарихын өте керемет білетін, бірде бір ұлтпыз. Бұл тағы да бір себеп.
Қазақ халқы түрлі-түрлі ұлттың басын қосып отырған ұлы мемлекет.
Сондықтан өз мемлекетімізді құрметтейік. Біздің елде орыс, украин, белорус сынды түрлі ұлттар тұрады. Бүгінде олар Қазақстанға білім алу, жұмысқа орналасу секілді мақсатпен келеді. Бұл дегеніміз- Қазақстан байсалды, керемет, бірлігі мол, тəуелсіз мемлекет.
Күн жылынып,көк шығып,күн бұлттанып жаңбыр жауып,ауылға ақындар келіп,кеште кездесу болды.
Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.
Алдымен әже тәрбиесі арқылы бала жақсы-жаманды ажыратып, үлкен-кішіні тани бастайды. Мінез-құлық, тіл теориями қалыптасып, бала үй шаруасына бейім, елгезек тілалғыш, мейірімді болып өседі. Әженің алдын көрген балаға былайғы жұрт тәрбиелі бала деп баға береді. Әже тәрбиесі көбіне «олай істеме, былай істе», «бүйтсең жаман, өйтсең жақсы»деген вербалды сипатта, ақылгөйлік мазмұнда болып, әженің мейірімі мен жүрек жылуына бөленіп өседі. Осылайша жас бала қазақы ортадағы моральдық-этикалық нормалармен таныса отырып, адами тұлғаның қалыптасуына ғана емес, дәстүрлі ырым-тыйымдар жүйесінің қағидаттарын біртіндеп бойына сіңіре бастайды.