Әдемі үлкен биік аласа ұзын қысқа көрікті жіңішке жуан қысқа сұлу қызыл жасыл сары көк томпақ арық семіз толық кішкентай үлкен домалақ сопақ қатты жұмсақ қиын төртбұрыш қара сұр
Алқа – омырауға тағатын, көбіне күмістен соғылатын әйелдердің сән, әсемдік, көркемдік бұйымы.
Білезік алтын білезік, күміс білезік, құйма білезік, сағат білезік, топсалы білезік, бұрама білезік, қос білезік т.б. түрлері бар.
Бес білезік – алтын, күмістен, асыл тастардан көз орнатылған күміс шынжыр арқылы бес сақина бекітілген аса қымбат білезік.
Балдақ – алтыннан, күмістен соғылған жұмыр сақина.
Жүзік – қымбат тастардан көз орнатылған жалпақ сақина түрі. Оның еркектер де, әйелдер де салатын түрлері болады. Отау жүзік, құдағи жүзік, қарала жүзік, ақық жүзік деген атаулары бар.
Жеңілгек – жейде жеңіне тағылатын бұйым. Теңге жеңілгек, күміс жеңілгек, меруерт жеңілгек деген түрлері болған.
Күміс отаға – күміске орнатылған бармақтай асыл тас. Бас киімге, батырлар дулығасына қадалған.
Кемер белбеу - негізі былғарыдан тігіліп, алтын, күміс әшекейлермен шектелген аса қымбат белбеу.
Қын – кемер белбеумен бірге тұратын пышақ салынатын әшекейлі, былғары бұйым.
Қапсырма деп те атайды.
Қолтықша – иыққа іліп жүретін тіктөртбұрышты тұмар-сөмке. Күнделікті ұсақ-түйек заттар мен тіл-көз тиюден сақтайтын қасиеті бар нәрселер салынады.
Маңдайша – сәукеле т.б. киім маңдайына тағатын көз орнатылған күміс тағым.
Оқшантай ішіне шағын зат салынатын, кемер белбеуге өткізілген әшекейлі былғары қалта.
Өңірше - салпыншақтар тағып, үзбелеп жалғаған омырауға сән беретін, түрлі-түсті тастардан көз орнатылған әсемдік тағым тізбесі. Ерлердің жейдесі мен әйел көйлегінің омырауы әдемілікпен қатар, тіл-көзден сақтану мақсатында өрнекпен безендірілген.
Сырға т.б.
Сәукеленің сырғасы – күмістен жасалған, көп қатарлы сырға пішіндес арнайы салпыншақ.
Тамақша – қазақ қызының мойынға тағатын әшекейінің бірі. Барқыт сияқты матадан сырып тігіледі, бетіне моншақ, меруерт, күміс тиындар тізіліп, төмен жағы маржан моншақтармен көмкеріледі.
Талмоншақ – бірнеше қатар тізілетін моншақтар.
Тұмар – сәндік үшін немесе Құран сүрелері жазылған қағаз салынатын омырауға тағатын жұмыр түтікше тәрізді жасалған салпыншақты бұйым. Тұмарша, бойтұмар деген түрлері бар.
Үкіаяқ – бас киімге тағылатын үкі тұяғына ұқсатып соғылатын күміс тұғырға орнатылған бұйым. Бұйымға шынжыр арқылы тиындар, моншақтар, қоңырау сияқты бөлшектер ілінеді. Кейде кішкентай баланың бесігіне іліп қоятын болған.
Шекелік – сәукеле, тақия, басқа да баскиімге тағылатын тағым. Бірнеше бөліктен тұрады әрі оларға тағылатын әшекейлер үзбелі болып келеді. Қозалы шекелік, шошақ шекелік, ширатпа шекелік деген түрлері бар.
Шаштеңге – қыздардың өрілген шаш ұшына тағылатын жібек бау өткізілген күміс сөлкебай.
Шолпы – шашқа тағатын, қымбат бағалы, сылдырмақты бұрым сәнін келтіретін алтын, күміс тағым. Түрлі сәндік салпыншақтармен әсемделген құрылымы күрделі бөлшектер күрделі пішіндегі жалпақ тастарға қондырылады.
Шашбау – қыздар шашымен қоса өрілетін моншақты, зерлі, күміс шынжырлы әсемдік тағым. Ұзындығымен ерекшеленеді. Кейде қара баудан жасалып, шашты ұзын және қалың етіп көрсету үшін қолданылады.
Шашқап – шашты күннен, шаң-тозаңнан қорғайтын қымбат матадан жасалып, сырты түрлі моншақ, жапсырмалармен безеңдерілген, екі өрімді шаштарға арналған бұйым.
Тиін саябақта тіршілік етеді. Бірде оған оқушылар жаңғақ әкелді. Олар тиінді үнемі тамақтандырып тұратын болды. Тиін жаңғақты тез қағып алды. Тиіннің мұнысы балаларға қызық көрінді.