Желтоқсан,қанағаттану,кітапхана,мейрамхана
К-дауыссыз дыбыс,қатаң
Ө-дауысты дыбыс,жіңішке,еріндік
К-дауыссыз дыбыс, қатаң
Т-дауыссыз дыбыс,қатаң
Е-дауысты дыбыс,жіңішке,езулік
М-дауыссыз дыбыс,унді
~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~
Бірінші байлық - денсаулық , денсаулық адамның ең қымбат дүниесі. Сондықтан біз денсаулығымызды нығайту үшін спортпен айналысуымыз керек. Футбол ойнауда, шаңғы тебу де де, гимнастикамен айналысу да т.б. спортпен айналысу жатады. Тіпті, қар күреу, ағаш жару секілді үй шаруасын атқаруда спортпен шұғылданғандай пайда болады. Ал қыздардың үй сыпырып, терезе сүртіп ыдыс-аяқ жуғаны әрі анасына көмек, әрі денсаулығына пайдалы мұның бәрі қимылын қозғалысқа салауатты өмір салты үшін маңызды екенін көрсетеді.
Қоршаған ортаны қорғау
Қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды сақтау және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған мемлеккеттік және қоғамдық іс шаралар жүйесі. Қазақстан Республикасында “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заң 1997 жылы 5 тамызда қабылданған. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және басқадай қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсеріне жол бермеуге, биологиялық әр алуандылықты сақтауға және табиғатты оңтайлы пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған. Қазақстан Республикасының экология қауіпсіздігі туралы мемлекеттік тұжырымдамада (1997) қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделерін ескере отырып, Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды экологияландыруға көшу стратегиясы белгіленген. Қазақстан Республикасының осы стратегияны басшылыққа алып Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды Қазақстан Республикасының Конституциясына негіздеді және ол “Қоршаған ортаны қорғау туралы”, “Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы”, басқа да заңдар мен нормативтік құқықтар актілерінен тұрады. Кейде Қоршаған ортаны қорғау табиғатты қорғау ұғымымен баламалы түрде қолданылады. Бірақ Қоршаған ортаны қорғауға қарағанда табиғатты қорғау ұғымының шеңбері кеңірек; Табиғатты қорғау.
Сөзден жығылды- орынды айтылған сөзге жауап қайтара алмай қалу.
Сөзбен шағып алды- адамды сөзбен кемсіту, мұқату.
Сөзі майдай ерітті- жақсы сөзімен басқаның көңілін тапқан
Сөзі түйеден түскендей- ойланбай қалай болса солай сөйлей салады.