1. Мезгіл үстеуі қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді. Мезгіл үстеуі етістікпентіркесіп қолданылады. Мысалы: таңертеңнен (қашаннан?) кетті, жазғытұрым(қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?) еңбектенді, күні-түні (қашан?) оқыды, т. б.
2. Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенінкөрсетіп, қайда? қайдан? қалай қарай? сұрақтарына жауап береді. Мысалы:Тауға қарай (қалай қарай?) өрмелеу, алға (қайда?) жылжыды, ілгері-кейін(қайда?) қозғалды, жоғарыдан (қайдан?) түсті, т. б.
3. Сын-қимыл (бейне) үстеуі іс-әрекеттің, қимылдың амалын, тәсілін, сын-бейнесін білдіреді. Сұрақтары: қайтіп? қалайша? қалай? кімше?Мысалы: Ақырын (қалай?) жүгірді, қазша (қалайша?) қаңқылдады, бекерден-бекер (қалай?) отырма, балаша (кімше?) мәз-мейрам болды, бүркіттейін(қалайша?) шүйілді, қолма-қол (қалай?) хабарласты, т. б.
4. Мөлшер үстеуі қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеуі сынның немесе қимылдың көлемдік дәрежесін, мөлшерін, шама-шарқын білдіреді. Мөлшер үстеуі етістікпен тіркесіп келгенде қимылдың шама-шарқын, мөлшерін білдіреді. Мысалы: сонша (қанша?)шаршапты, біршама (қаншама?) кешігіп қалды, недәуір (қалай?) өскен екен.Ал сонша (қанша?) биік, біршама (қанша?) алыс, недәуір (қалай?) ұзақдегенде мөлшер үстеулер сын есімдермен тіркесіп, сынның мөлшерін, көлемін білдіреді.
5. Күшейткіш үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не күшейтіп көрсетеді. Сұрағы: қалай? Мысалы: әбден жүдепті, керемет биледі, мүлдем қозғалта алмады. Сонымен бірге күшейткіш үстеугесын есімнің күшейтпелі шырайын жасайтын ең (биік), өте (салмақты), аса(терең), тым (терең), кілең (жүйрік) сөздері де жатады.
6. Мақсат үстеуі не мақсатпен? қалай? деген сұраққа жауап беріп, іс-әрекеттің, қимылдың орындалу мақсатын білдіреді. Мысалы: әдейі айтты, қасақана кетіп қалды, жорта білмегенсіді, әдейілеп шақырды.
7. Себеп-салдар үстеуі не себепті? қалай? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді. Себеп-салдар үстеуіне: құр босқа, лажсыздан, босқа, амалсыздан, бекерге, шарасыздан сөздері жатады. Бұл сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы, босқа ренжіді, лажсыздан келісті, т. б.
Шарын шатқалы, Шарын каньоны — Шарын өзенін 154 шақырым бойлайтын шатқал. Шатқал Алматы қаласынан 195 шақырым шығысқа қарай орналасқан. 2004 жылдың 23 cәуірінде құрылған Шарын ұлттық паркінің құрамына кіреді.
Шарын шатқалы43°22′45″ с. е. 79°07′23″ ш. б.43.379101° с. е. 79.123192° ш. б. (G) (O) (Я) (T)Ел ҚазақстанАймақАлматы облысыТереңдігі150—300 мҰзындығы154 км

Шарын шатқалы

Шарын шатқалы
Шарын шатқалы Ортаққорда
Шарын шатқалы жасы 12 миллион жылға жуық шөгінді тау жыныстардан қалыптасқан табиғат ескерткіші. Каньон құздарының биіктігі 150-300 метрге жетеді. Шарын шатқалы - Шарын өзені бойымен солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа 154 км созылып жатыр. Бұл аймақтың рельефі әртүрлі. Жарқабақтың бағаналары, баурай, жыралары 150-300 м жетеді. Жарқабақ түсі Америкадағы Үлкен жарқабақтарға қарағанда ашық-қызғылт. Шарында жер шарында сирек кездесетін, мұздану кезеңінен өткен ясень кездеседі. Сирек кездесетін согдиандық түрі 25 млн жыл бұрын жер бетінде кең таралған, ал қазір қорғалатын аумақ. Негізінен демалушылар «Қорғандар аңғары, «Темірлік т.б атаумен қалған жерлеріне барады.
«Анаға құрмет»
Ана-дүниедегі ең ыстық және ұлы сөз.Ана бізді дүниеге алып келгенімен қоймай,біз үшін түн ұйқысын төрт бөледі.Тек ол ғана емес біз үшін астан бас тартады және өз өмірін қауіпке тігеді.Біз үшін өле-өлгенше шыр-пыр болады.Бір мақал бар емес пе «Анаңды Меккеге 3 рет арқалап апарсаң да қарызынан құтыла алмайсың» осы мақалдың өзі ананың біз үшін өте ұлы екенін білдіріп тұрғандай.Сол үшін анамызды алақанға салып аялайық.анамыздан барымызды аямайық.Анамыз тек бізге ана ғана емес,сырлас досымыз да бола алады.Анаңды әрдайым құрметте
Міне қыста көзді ашып жұмғанша келіп жетті.Бұл мезгілде адам баласы табиғаттың сиқырын,еш уақытта ұмытылмайтын көркем көріністерін өз көзімен көреді.Табиғаттың әр маусымының өз ерекшелігі болады.Міне қыста басқа маусымдарға қарағанда мен үшін ерекше болып келеді.Әр адамның жақсы көретін мезгілі болады.Міне мен де қыс мезгілін жақсы көремін. Себебі қыста көп ойын түрлері болады.Менің ойымша осы мезгілді тек балалар ғана емес үлкен кісілер де асыға күтеді.