Қазақ қолөнері – қолданбалы-безендіру өнерінің дәстүрлі ұлттық саласы. Тарихын тереңнен алған Қ. қ. дәстүр сабақтастығын үзбеген, рухани мәні мен мәдени құндылығын жоймаған. Қазақстан жерінде асыл тастан, сүйектен, жүннен, ағаштан, қыштан, құнды металдан, былғарыдан, саздан – қару-жарақ, құрал-сайман, үй жиhазы, т.б. тұрмысқа қажетті тұтыну бұйымдарын, түрлі сәндік қолөнер туындыларын жасаумен қатар, оларды өздерінің дүниетанымына, эстет. талғамына сай әшекейлеп, безендіру ерте замандардан дамыған. Қарағанды обл-нда Беғазы бейітінен табылған қыш сауыттар (б.з.б. 10 – 8 ғ.), атақты Қарғалы алтын тәтісі (диадема) мен сырғалар (б.з.б. 2 ғ. мен б.з. 2 ғ.), т.б. көне дүниелер – шебер мүсінделген өнер туындылары. Айша-Бибі, Ахмет Иасауи кесенелерінен, Бабажы қатын күмбезінен қазақ халқының атадан балаға мұра боп келе жатқан ою-өрнек, әшекей түрлерінің бәрін ұшыратуға болады. Ағаш ұсталары сан алуан сүйектен ою-өрнек салынған үй жиhазын, ыдыс-аяқ әзірлеуде асқан шеберлік көрсетіп, ол үшін көгеріс геом. өрнек түрлерін пайдаланған. Ер адамдардың жорыққа, аңшылыққа, әйелдердің салтанатқа киетін киімдері аң-құстың бейнелері өрнектелген (күміс, алтын, металл құймалар) оюлармен безендірілген. Әшекейлер салу, кесте тігу, қалың мата (барқыт, шұға) жапсыру арқылы да жасалады. Алматы обл-ның Есік обасынан табылған (б.з.б. 6 – 5 ғ.) сак жауынгері киімі (“Алтын адам”) алтын қаптырмалармен және хайуандардың құйма бейнесімен безендірілді. Қ. қ. өзінің ғасырлар бойғы мұраларын жан-жақты игеріп, көршілес халықтар мәдениетінің озық үлгілерін бойына сіңіріп, үнемі жаңарып, үздіксіз дамытылып отырды.
Отбасында қанша адам бар? олар кім? қаншада?
ЖаҺанда ауыз су мәселесі өте маңызды болып отыр.Қазақстанда судың 40 пайыздан астамы көрші мемлекеттерден келеді.8өзен бассейнінің су қоймасының біреуі ғана трансшегаралық өзен емес.Еліміздегі 8жарым мың өзеннің көбі-тұнық емес.Олар таудан ағатын лайланған кішкентай өзеншелер.Көктемде тола ағады.Ең ағыны қатты өзен-Ертіс.
Мен жазғы демалысымды Бурабайда өткіздім
Жыл мезгілдерінің ішінде ұнайтыны жаз мезгілі.
Менің досым күзді ұнатады.
Демалыста ата-анам Алакөлге барып қайтты.
Қыста Медеуге бардық
Ата-әжем жылда шипажайға барады.
1)Зат есім(сущ.) - заттың есімің білдіріп , кім ? не ? деген сұрақтарға жауап береді
2)Сан есім(имя числ.) - заттың санын , ретін білдіріп қанша ? неше ? деген сұрақтарға жауап береді
3)Сын есім - заттың сының , түсін , түр тұлғас ын білдіреді қандай ? қай ? деген сұрақтарға жауап береді
4)Етістік - заттың іс-қимылын білдіреді не істеді ? не қылды ? деген сұрақтарға жауап береді .
5)Есімдік - есім сөздерден құралған сөздерді есімдік дейміз .