Қазақстан Республикасының туы көк түсті.Тудың ортасында күн бейнеленген.Күн бейбітшіліктің белгісі.Күннің төменгі жағында қыран бейнеленген.Қыран бостандықтың белгісі.Сол жағында қазақтың дәстүрлі өрнегі бар.
Камкор жанашыр. куйзелген киналган. ерлік батырлық. бірнеше коптеген. тынығып демалып. кунузын куні бойы
кала мәртебесі берілген елді мекендер Казакстанда коп.облыстык калаларда халык саны50мыннан ,аудандык калаларда 8мыннан асуы тиіс.елімізде Астана Алматы Қарағанды Шымкент Семей Өскемен Ақтөбе Павлодар Тараз Петропавл Теміртау сияқты ірі қалалар бар. Қазақ Республикасының ең алғашқы астанасы Орынбор одан кейін Қызылорда содан соң Алматы қалалары болды.Аз уақыттың ішінде Астана қаласы көрікті қалаға айналды.Қаланың ортасынан ағып өтетін Есіл өзеннің екі жағындағы батпақ,қалың өскен қамыстың орны қала халқы демалатын жағажайға айналды.Астана қаласында Президент сарайы,Парламент ғимараты,Интерконтиненталь қонақ үйі,Еуразия университетінің жаңа корпусы,Жастар сарайы,министрліктердің үйлері,көп қабатты тұрғын үйлер мен ғимараттар бой көтерді.
Ара,үй арасы, бал арасы (Apіs mellіfera) –жарғаққанаттылар отрядының өкілі. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Ара топталып, үлкен ұя болып тіршілік етеді. Бір ұяда бір ұрғашы Ара. (аналық Ара), бірнеше жүз еркек Ара және ондаған мың (100 мыңға дейін) «жұмысшы» Ара болады. Ұрғашы ара ұяда ұрпақ өсіреді. Ол аралардың ішіндегі ең ірісі, жыл маусымына қарай денесінің ұзындығы 20 – 25 мм, ал салм. 150 – 300 мг-ге жетеді. Тәулігіне 2 – 3 мың, маусымына 200 мың ұрықтандырылған жұмыртқаға дейін (кейде ұрықтандырылмаған жұмыртқа да) салады. Ұрықтанған жұмыртқадан ұрғашы, жұмысшы және аналық Аралар, ал ұрықтандырылмаған жұмыртқадан тек еркек Аралар ғана шығады.
Ара ұясы: балаңқұрттар сол жақта, ал жұмыртқалар оң жақта
Аналық Ара ұяның анасы болып есептеледі, ол 3 – 5 жыл, кейде 10 жылға дейін өмір сүреді. Күзде салқын түсісімен жұмыртқа салуды тоқтатып, оны қайтадан ақпанның 2-жартысынан бастайды. Еркек Ара денесінің ұзындығы 15 – 17 мм, салмағы 250 мг болады. Ол негізінен ұрғашы Араны ұрықтандырады да, одан кейін өліп қалады. Омартаның негізін қалайтын жұмысшы Аралардың денесінің ұзындығы 12 – 15 мм, салмағы 90 мг болады. Жұмысшы Аралар көбею мүшелері жетілмеген ұрғашы Аралар. Олар жұмыртқадан жаңа шыққан ұрпақты қоректендіреді, балауыз ұяшықтардың тазалығын, ауа алмасуын қадағалайды, тәтті шырын мен гүл тозаңдарын жинайды. Жұмысшы Аралар 7 – 8 ай тіршілік етеді. Ұяда тұратын әрбір Ара өзінің қызметі мен міндеттерін жақсы біледі және оны мүлтіксіз орындайды