Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес. Қарадан хакім болған сендей жанның Әлемнің құлағынан әні кетпес! ...Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар, Өлтіріп талай жанды, жүгін артар. Көз ашып, жұртын ояу болған сайын, Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды. Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы Титығы құруына аз-ақ қалды. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр, Малшыларым, қор қылма итке малды. Соныға малды жайып, күзетіңдер, Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
Желсіз түнде жарық ай Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп, Ауылдың жаны терең сай, Тасыған өзен күрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы Сыбырласып өзді-өзі, Көрінбей жердің, топырағы, Құлпырған жасыл жер жүзі.
Тау жаңғырып, ән қосып Үрген ит пен айтаққа. Келмеп пе едің жол тосып Жолығуға аулаққа?
Таймаңдамай тамылжып, Бір суынып, бір ысып, Дем ала алмай дамыл қып, Елең қағып, бос шошып.
Сөз айта алмай бөгеліп, Дүрсіл қағып жүрегі, Тұрмап па еді сүйеніп, Тамаққа кіріп иегі?
Жасымда ғылым бар деп ескермедім Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім. Ержеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім. Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы, Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім? Адамның бір қызығы - бала деген, Баланы оқытуды жек көрмедім. Баламды медресеге біл деп бердім, Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім. Өзім де баска шауып, төске өрледім, Қазаққа қара сөзге дес бермедім. Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ, Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім
1. Бұл мәселені Мерей көзді ашып жұмғанша шешті. 2. Ол түймедей істі түйедей етті. 3. Екеуінің арақашықтығы қас пен көздің арасындай. 4. Омардың жазуы тайға таңба басқандай екен.
Әңгіме білім байқауы жайында.Мен 6-сыныпта қазақ тілінен олимпиадаға барып 3-орынды алып келген болатынмын.Сөйтіп 7-сыныпта да мен баратын болдым,бірақ орын алмадым.Сосын үміт аз баолдыма, 8-сыныпта кластас қыз барды. Олда орын алған жоқ. Биыл 9-сыныпта Нұргүл деген қластас қыз баратын болды, бірақ ол ҚБН-нан барам деп апайға айтқан болатын. Сол қыз қайта-қайта апайға мені барсын,деп айтып жүрді. Бірақ апай, менің жазуымды жаман деп айтты.Ал менің жазуымды жаман деп айтқан адам болған емес. Бұл тек апайдың сылтауы ғана деп ойладым. Сөйтіп Нұргүл қбн-нан баратын болды. Ал қазақ тілден жазуы құп-құрттай қызды алып қойыпты. Бірақ ауданға кім көп балл жинаса сол барады екен, яғни мектепішіліктен.Мен тек мектепшілікке қатыстым. Бір-екі қате кеткен сайын ауданға мен бармаймынғо деп отырдым.Мен ауданға бармайтынымды білем, өйткені қасымдағы қыз толықтырып жазыпты. Өзім іштей барғым келіп еді. Ал сіз қай пәннен бардыңыз?, пікір жаза отырыңыз.
Қонақүй-3 буын, 7әріп,7 дыбыс Қ-дауыссыз қатаң О-дауысты жуан ашық еріндік Н-дауыссыз үнді А- дауысты жуан ашық езулік Қ-дауыссыз қатаң Ү-дауысты жіңішке қысаң еріндік Й-дауыссыз үнді
Дүниеде не тәтті – Ананың сүті. Дүниеде не жұмсақ - Ананың алақаны. Ақ сүт берген, әлпештеген анашым, сіз мен үшін әлемдегі ең жақын да сүйікті жансыз. Сіздің бізге, яғни балаларыңызға деген ана махаббатыңыз шексіз. Дүниеге іңгәләп келгеннен - ақ, жүрегіңізге мейірім ұялап, түн ұйқыңызды төрт бөліп, аман өсіп, адам болуымызды тілеп жүресіз.Аяулы анам, мен өзімді бақыттымын деп санаймын, себебі, анасы бар адамдар – бақытты жандар. Олар қанат астындағы балапандар сияқты үнемі ана жылуын, махаббатын, мейірімін сезініп жүреді.Анашым сіз менің қамқоршымсыз, ақылшымсыз, тәрбиешімсіз. Әрдайым жақсыны үйретіп, жаманға жолаттырмайсыз. Жетістіктерге жетсем, менімен бірге қуанып, сүрінсем - жұбатып, бірге мұңаясыз, жігерлендіре түсесіз.Мейірман анам, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеген де сізсіз. Сіз үйреткендей үнемі бисмилләмді айтып, жақсы адам болуға тырысып жүрмін.Дархан анам, кей кездері ренжітсем, кешірім сұраймын. Бұдан былай қателіктерімді қайталамай, артымнан ерген іні-қарындасыма үлгі болуға талпынамын.Жан анам, ақ анам, ардақты анам, менің тілегім - арманым әрқашан сіздің жадыраған жүзіңізді көріп, сіздің алдыңыздағы борышымды өтеу. Деніңіз сау болып, үнемі қасымыздан табыла беріңіз. Мен сізді сүйемін!
Кесел-ауру Құс жолы-жулдызды аспан кара өлең- жай сойлеммен жазылган олен аныз-бурында болган нарселерди казирги уакытта айтсан аныз болады шай-ішетін сусынның бир түрі