Өйткені жылқы тектілікті білдіреді, жәнеде жылқылар тек таза шөппен қоректенеді.Жылқының сүті көптеген ауруларға ем,еті шипа.
8 сыныптың əдебиет кітабында да жақтарында бар!
<span>“Сәлемдесу – парыз” екенін бәріміз де білеміз. Осы парызымызды бұзбай, күн сайын көптеген адамдармен сәлемдесеміз, амандасамыз. Күнделікті өмірімізде ер кісілерге “Ассалаумағалейкүм!” деп амандасамыз. </span>Араб тілінде бұл сөздің дәл солай айтылуы – “Салем әлейкум” және “Әлейкүм салем”. Аудармасында “Салем” – “Бейбітшілік”, “Әлейкүм” – “Сізге”. Сонда біздердің сәлемдесіп жүрген сөздеріміздің мағынасы – “Бейбітшілік Сізге”, “Сізге де бейбітшілік” болып шығады екен.
Ата-Бабаларымыздың, әке-шешелеріміздің: “Құдай тыныштығымызды бере көр” деп отыратыны – тыныштықты, бейбітшілікті тілегеннен шықса керек. Адамзаттың өзі бейбітшілікті қалайды емес пе. Біздің халық бұл сәлемді ерекшелеп, салихалылық беріп, “Ассалаумағалейкүм” деп, негізгі мағынасын бұзбай ажарландырған, айбат берген.
Бұлай амандасу, сәлемдесу біздің өмірімізге Исламмен бірге келгені сөзсіз, біздің халық ұлттық дәстүрлерімізді осы Исламға негіздеп, қайшылық болмайтын етіп, өмірлеріне енгізген ғой. Ал, сол Исламдық келгенге дейінгі өмірлерінде Ата-Бабаларымыз қалай амандасты екен? Қазір ТВ, радиоларда жүргізушілердің “Армысыз”, “Ар ма”, “Сәлем бердік” деп амандасқандарды көріп жүрміз. Бұлай амандасу сол әріден келе жатқан сәлемдесу түрі болар деп ойлаймын. “Сәлеметсіз бе”, “Саламат па” деген амандасу түрлері бертін келе, Совет заманында шыққан сияқты. Саясят араласуымен шыққан болар.
<span>Қалай амандасқанда да, Қазақтың амандасуы құлаққа жағымды естіледі. “Сәлем – сөздің атасы” деген қазақ, амандасып, сәлемдесіп жүрейік!</span>
Әрбір азамат пен азаматшаға отанын қорғау -парыз. Мен барынша әдепті бала болуға тырысып жүрмін. Барлық бала жақсы маман иесі болуды армандайды. Аялы алақанымен бізді мәпелеп өсірген ата-анама мың алғыс.
Эссе екіге бөлінеді: 1) субъективті; негізгі мақсаты – авторды жан жақты ашу, таныту. 2) объективті; негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту.
Қолданылуына қарай: әдеби жанрда, білімді бақылау әдісі ретінде, батыс елдерінде ЖОО-ға түсуде талап етіледі. Жазылу көлемі: 500 сөз, 1-2 беттен 20 бетке дейін.
Эссе жазу кезеңдері: Проблеманы анықтау -ойлану–жоспарлау –жазу–тексеру
ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс ТАЛАПТАР:
• Жеке көзқарастың көрінісі;
• Фактілі дәлелдер (аргументтер);
• Теоретикалық негіздеме;
• Терминдерді қолдану;
• Цитаталарды келтіру;
• Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
• Логикалық заңдылықтың сақталынуы;
• Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;
• Сауаттылық (пункт., орфогр.);
• Юмор, сарказм;
• Қолд. ғылыми еңбектерге сілтеме жасау.
Эссенің жазылу құрылымы:
1. Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі;
2. Тақырыпты дамыту: Тақырыпқа сәйкес бар біліміңізбен: теория, фактілер, идея, ақпараттар, паралелдеу, аналогия, ассоцация, теңеу, сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдейсіз (аргументация).
Мыс. 1. Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер. 2. Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер;
3. Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні».
Жиі кездесетін қателіктер:
1. Проблема ашылмайды;
2. Автордың жеке позициясы көрінбейді;
3. Теоретикалық негіздемесі жоқ;
4. Терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану;
5. Тым қарапайым өмірдің мысалдары көп;
6. Ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер;
7. Келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы;
8. Қорытындылау, түйін шығару деген жоқ;
9. Логиканың болмауы.
Осыны пайдалана отырып жазып көр