Қазы<span> – жылқы етінің кәделі мүшелердің бірі. Ол жылқының қабырғалары мен белдемелерінің етегіне жиналатын аса шұрайлы, майлы ет. Қазы жасау үшін екі бұғана қабырға, екі тілше қабырғадан басқа қабырғалар алынады. Қазыны ішекке тығады. Әр қос қабырғадарың ішкі жағындағы шеміршегін кесіп тастайды. Ішекке тығу үшін қабырғалардың арасын ажыратып тіліп, әр қабырғаға май мен етін тең етіп бөледі, бірақ ет пен май қабырғадан сылынып қалмауы керек. Қазыны ішекке тығар алдында тұздап, 2-3 тәулік тұзын бойына сіңіріп қояды. Содан кейін 1-2 сағат суық суға салады. Содан кейін ішекке тығып, екі басын біріктіріп байлайды. Содан соң сырыққа немесе керілген жіпке 8-10 сағат іліп, жел қақтырады. Қазы және қос қазы формасы жағынан жарты шеңберге ұқсас болып жығады. Қазыны ыстау, сурлеу үшін түтінге 13-27 сағат ыстайды. Қазыны 2-2,5 сағатқа жайлап пісіреді. Қазыны сыйлы қонақтарға басқа асқан етке қосып береді. Қазыны ыстық күйінде де,тоңазытып тажеуге болады. Қазыға: 400г қазы, 2-3 сарымсақтың бөлігі қосады. Бұрышпен тұзды татымына қарай салады.</span>
Рисовая каша - күріш ботқасы
Манная каша-жарма ботқасы
Гречневая каша -қарақұмық ботқасы
Бала тәрбиелеу ең маңызды іс болғандықтан мына қағидаларды еске алған жөн:
1.Баламен қарым-қатынас жасай білу керек,сыйлау,қадір-қасиетін бағалау,ар-намысын бағалау сияқты құндылықтарды бойына сіңіру қажет
2.Жаман қылықтарға,оның ішінде әдепсіз сөз,дөрекі айқайға бой алдырмауын қадағалау.Орынсыз айқайлай берудің де қажеті жоқ
3.Баланың айтқан әрбір сөзін тыңдай білу қажет.Өтінішін тыңдап ақыл айту,кеңес беру керек
4.Ата-ана балаға үлгі бола білуі қажет.Үлкенді сылауға,құрметтеуге,кішіге қамқор болуға уйрету керек
Жауабы эвкалипт ағашы болады
Қазақстан – ортақ үйіміз
Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасы ірі мемлекеттердің бірі. Бұл ел Еуразияның орталығында орналасқан. Елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Қазақстан Республикасында негізгі мемлекет құрушы ұлт – қазақтар. Қазақстан жері – кең-байтақ. Шекараның ұзындығы 14,6 мың шақырымға жуық. Шекарамыз солтүстігінде Ресеймен, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Орта Азия республикаларымен және батысында Каспий теңізімен шектеседі. Шекарамыз Алтай тауларынан Каспий теңізіне дейін, Тянь-Шань тауларынан Орал тауларына дейін созылып жатыр. Қазақстан аумағы 2,7 миллион шаршы шақырымнан астам. Мұнда сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер, пайдалы қазбалар бар.Республиканың әр аймағы бір-бірімен табиғат және экономикалық жағдайларына байланысты ерекшеленеді. Егер республикамыздың бір жерінде металл өндіру, машина жасау, химия өнеркәсібі болса, екінші жерінде мақта, қант қызылшасы өсіріледі немесе мұнай, темір, алтын, мыс мол. «Жері байдың-елі бай» дейді қазақ халқы.