Мен Қазақстан деген кең байтақ елде тұрамын. Менің елімнің жері кең, тынысы мол, жандарының көңілдері жайдары . Өзім қазақ болып жаралғаныма қуанамын, өйткені менің елімнің тарихы, салт –дәстүрі, әдет –ғұрпы өте бай. Мектепте қазақ әдебиеті пәнін оқығанда ,өз ұлтымның қыры мен сырын жете танисың.Мектеп ішінде қазақ тілі мен қатар орыс тілін де оқимыз. Бұл тілді біз басқа мемлекеттің балалары сияқты шетел тілі деп алмаймыз, ол біздің екінші тіліміз сияқты. Менің Қазақстанымда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады. Біз әрұлтты мемлекетпіз. Елімізде тұратын ұлттардың өз асссамблеясы бар екенін бізге мұғалім түсіндіріп кетті. Біздің қазақ ұлтының құқықтық правосы заңмен қалай сақталса, басқа ұлттардың да праволары солай қорғалады. Мәртебесі көкке жеткен еліміз көптеген жетістікке жетті. Жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Бір шаңырақтың астында қазақ, орыс, қырғыз, өзбек, татар, ұйғыр, әзірбайжан, башқұрт, неміс, украин, белорус, кәріс татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Көп ғасырлар бойы олар бір - бірінің салт - дәстүрін құрметтеп, жерімізді бөлісіп отыр. Қазақта «Отаны бірдің тілегі бір, жүрегі бір» деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да, жүрегі бір, тілі басқа болса да, тілегі бір, атасы басқа болса да, Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп отырған Қазақстан атты елміз. Көп ұлт өкілдері тұратын ел болуымыз - біздің байлығымыз, мақтанышымыз. Біз білмейтін талай елдердің соғыстарын, террорлық істерді көргенде шошисың. Бізде бейбітшілік болып тұрғанға қуанасың, оның бәрі Елбасымыздың саясатының арқасы. Бейбітшілік болған соң ,биыл тәуелсіздігіміздің 20жылдық тойын жасамақпыз. Елімнің болашағына, халқыма бейбіт өмір, халықтар арасына достық, ынтымақтастық

болсын деймін. Біз бейбітшілік өмірді қалаймыз!
Енді бүгін қарасам, Айналам бақыт, кең жатыр. Бірімен - бірі туысқан, Қол ұстасқан ел жатыр. Қырғыз, қазақ, өзбектер, Моңғол, ұйғыр, дүнгендер, Армян, қазақ, грузин, Орыс пенен украин Терезесі тең жатыр. Бақыттың әні асқақтап, Құлаққа даусы кеп жатыр.
1. Елімнің табиғаты. Менің елім- Қазақстан. Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Ел болған ел рәміздермен мақтанады. Еліміз әсем табиғатымен, кең даласымен көзге түседі. Жері дархан дала. Көптеген табиғаты әсем, ауасы таза, көрікті жерлер кездеседі.
2. Қазақстан халқы жер көлемі жағынан тоғызыншы орында. Халық саны да жылдан жылға көбейіп келеді. Қазақстанда көп ұлттар тұрады және өзге мемлекеттердегі оралман отандастарымыз да құт мекендеріне оралуда. Қазақстан сонымен қатар мұнай, алтын, көмір т.б қазба байлықтарға бай ел. Біз осы байлықтарымызбен отыз дамыған елдер қатарына енудеміз.
3. Мен елімді сүйемін. Мен өз еліммен мақтанамын және шын жүрекпен жақсы көріп, оның танымал дамыған мемлекеттер қатарынан көргім келеді. Еліміздің үлкен қалаларында биік ғимараттар бар.Оларды шет елдердің танымал архитикторлары салған. Ғимараттар қалаға сән беріп, көркін ашуда әрі өте қатты қызығасын. Осы елде тұратын өзге ұлт өкілдері бір үйдің балаларындай тату, тыныш өмір сүруде. Мен елімді қатты сүйемін! Өз елімдей ел кемде кем жоқ деп есептеймін.
Жаз келді. Жазда бізде демалыс басталады. Бәрі бір жерге барады. Кейбіреулері қалады.Мен жазды ұнатамын. Лагерь ашылады. Өзенде,көлде жүземіз.Жазда гүлдер,ағаштар өседі.