<h3>Менің ауылымның қысы өте суық болады. күн суық, аязды болады. Ауыл адамдары қысқа дайындықты ерте бастап, малдарға мая- мая шөп дайындайды. Жаздыгүні өрісте болған қойлар қоймаға қамалады. Менің ауылымдағы үйімде үйір- үйір жылқылар бар.Ауылдағы үлкен-кіші жануарлар суықтан қорғана бастайды. Маған өз ауылымның қысқы тіршілігі ұнайды.</h3>
Мен ғарышкер боламын
Ғарышка мен конамын
Токтар аға сияқты
Туған елім Қазақты
Бір жылда төрт жыл
мезгілі болады. Олар: жаз, күз, көктем, қыс. Әр жыл мезгілінің өз
ерекшелігі бар. соның ішінде маған ұнайтын жыл мезгілдерінің бірі –
көктем. Себебі бұл кезеңде табиғат жаңарып, жан-жануарлар көбейеді.
Көктем айларында көптеген мерекелер аталып өтіледі. Осы мезгілге сай
көктемнің алғашқы мерекесі аналар күні. Жер дүниенің жаңару күні
«Наурыз», ғарышкерлер мерекесі, бейбітшілік мейрамы, Ұлы жеңістің
мерейлі тойы – осы көктемнің еншісіндегі атаулы күндер. Көктемнің басқа
жыл мезгілдеріне қарағанда ерекше өзіндік орны бар.
Мен жыл мезгілдерінің ішінде көктем айларын ұнатамын. Күн жылынысымен
біз мектеп ауласын тазалап, бүкілқалалық сенбілік күні әрқайсымыз өз
ауламызды тазалаймыз. Ағаштар отырғызамыз, түрлі гүлдер егеміз. «Тазалық
– денсаулық кепілі»,- деп қазақ атам тегін айтпаған. Ендеше әрбіріміз
өз қаламыз бен оқитын мектебімізді, ауламызды көгертуге атсалыссақ нұр
үстіне нұр болары сөзсіз! Сондықтан тазалық пен көгерудің көзі - көктем
айын жақсы көремін!
Менің көктем туралы ойға түйгенім осындай.
Көктем айы бәрімізге денсаулық, береке, бірлік, тыныштық әкелсін!
Баланың дүниеге келуі.
Бала туғанда дүние есігін ашады.Баланың дүниеге келуі ата -ана үшін үлкен қуаныш.Баланың дүниеге келуі бүкіл туған туысқандарының қуанышы.болып есептеледі. ,,Адамның бір қызығы бала деген ,, -Абай Құнанбаев.Осы күндері ,, шілдехана ,, өткізіледі.Тойға жиналғандар сәбіге жақсы тілектерін білдіреді. ән айтып, көңіл көтереді., Бұл тойда әйелдер нәрестені көрсетіп келушілерден көрімдік алады.
Бала тәрбиесі бесіктен (Воспитание ребенка начинается с колыбели)
Ананың ізін қыз басар,әкенің ізін ұл басар (Дочь идет материнской дорогой,сын отцовской)
Әкені көріп ұл өсер,ананы көріп қыз өсер (Сын берет пример с отца,дочь с матери)