Сабын жуыну ушін керек
тіс жуғыш тиісті тазалау ушін керек
тарақ шарты тарау ушін керек
сүлгі сүртіну ушін керек
Абай атамыздың артынан қалған ата мұралардың бірі - қара сөздер.
7 қара сөздің негізгі идеясы адам баласының туыла берілетін және жүре пайда болатын мінездері. Яғни бала туылғанда я жеп ішіп, жай өмір сүру үшін, я білім ғылымға ұмтылып, жаңаға бейім келеді.
Басқалардың айтқанына сенбей, көңіл қошымыз болмаса да ақылды жанның айтқан сөзін зер сала тыңдап, жадымызда сақтаймыз.
Ответ:
Әдепті адамдар, әдетте, арлы да иманды, қайырымды да, мейірімді келеді, айналасымен , ел-жұртпен сыйластыққа, ынтымақ - бірлік пен татулықта өмір сүреді. Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Адам баласы жолдастарымен, туыстарымен қарым - қатынас жасағанда, оның таныс еместігіне, алыс жақындығына, үлкен кішілігіне , қызмет дәрежесіне қарамай, кішіпейіл, әдепті болуы керкек. Бұл сенің адамгершілік борышың. Адамгершілік қасиетінің қайнары – сәлем беру, үлкенге сый –құрмет, кішіге ізеттілік көрсету екенін білеміз. Адамның әр күнгі іс - қимылы таңертеңгі сәлем мен жақсы лебіз. Адамгершілік – өткінші міндет емес, өмірлік міндет. Әдептіліктің белгісі-сәлемдесу.Қазақта “Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді”, деген аталы сөз бар. Өйткені сәлемдесу, амандасу адамның әрбір жан иелерінің бір-біріне ізет, сый құрметін көрсетеді. Әдеп, адамшылдық амандасудан басталады. Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі – сәлемдесу. Сәлемдесу о заманнан құдайшылық, имандылық кісілік нышаны ретінде түсініліп, қабылданған.
Ана” үш әріптен құралған киелі де қастерлі сөз. Әркімнің анасы бар. Сол аналарды құрмет тұтып, қастерлеу біздің борышымыз. Ана түн ұйқысын төрт бөліп біздерді әлпештеп өсіреді. Біздерді басқа балалардан кем болмасын деп алдымызға барын тосады.
Біздер аналарымыздың қадірін білуіміз керек. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, енді бір қолымен әлемді тербетеді. “Алып анадан туады , ат биеден туады” демекші біздің елбасымыз да, елге белгілі әншілеріміз де, жұдырығы балғадай палуандарымыз да, қайтпас қайсар спортшыларымыз да анадан жаралған. Бұл айтылған тұлғалардың барлығы дерлік қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген аналарының арқасында осындай дәрежеге жетіп отыр. Аналарының қолдау болмағанда олар бұндай болар ма еді? Ана алдындағы борыш анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаңда өтелмес деген осы.
Оқырмандарға белгілі жазушыларымыздың бірі Ғабит Мүсірепов ана туралы көп қалам тербеген. Оның бізге “Өлімді жеңген Ана”, “Ғазиз ана”, “Ананың анасы”, “Ер ана”, “Ақлима”тәрізді әңгімелері белгілі. Шығармашылығының басым бөлігі анаға арналғандықтан жазушының әйел адамға , анасына деген көзқарасы ерекше болғаны айқын байқалады.
Менің де анам бар. Ол мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Мен анамды қатты жақсы көремін. Себебі, ол мені өмірге әкеліп, барын алдыма тосып, әлпештеп өсірді. Мен анама ризамын.Мен мына өлең шумақтарын аяулы анама арнаймын:
Нұрын шашқан күніміз,
Айжұлдызды түніміз.
Мәпелеген қамқоршым,
Ана біздің гүліміз.
Мен бұл сөзімді “Адам “адам” болғысы келсе, алдымен анасын құрметтей білуі керек” деп аяқтаймын. Себебі, анасын сыйламаған адам болып жарытпас.
Нұрай мен Нұрлан атасының әңгімесін, ертегілерін тыңдағанды ұнатады. Әсіресе табиғат аясында, таза ауада, тау етегінде болғанды ұнатады. Бүгін міне, олар тағыда аталарының әңгімесін ұйып тыңдауда.