Қараадырдың қарағанды сайы елсіз.
Жақын төбелердың барлығын аласа боз қараған ,тобылғы басқан.
Бастары көгеріп ,бүрленіп , қалған қалың қараған жел лебімен сыбдыр -сыбдыр қағып теңселіп ырғалап қояды.
Ұзын кең өлкені қаптай басқан қарағанның ортасында да терең кұз жар бар.Соның бас жағында, итмұрынды қалың жыныстың арасында қасқыр іні бар.Бұрын итмұрын жанындағы кішкентай алаңда кеңдігі кісі сыйғандай үш үлкен ін болатын.Биыл жас топырағы жағасында дөңкиіп ,тағы бір жаңа ін шыққан.
Найден метод восстановления зрения за короткий срок Без операций, зрение вернется за неделю, если... Самая точная копия iPhone 7 Процессор 4 ядра. Камера 13 МП. Всего 35000 тенге! Смотрите Қазақша шығарма: Тылсым Табиғат Табиғатты қорғау- біздің парызымыз Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдына елестете отырып, өзің бір керемет сезімге бөленесің. Табиғаттың бар әсемдігін, бар кереметін, оның әрбір әсерін сөзбен де, жазумен де жеткізу оңай емес. Оның керемет көрінісі жаныңды тербетеді. Бұлттары аппақ мақтадай, шөптері жасыл кілемдей төгілген.
Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі . Табиғат пен адам қатар ұғым . Адамсыз табиғат , табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтады . Табиғат - тіршіліктің құт-берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті. Экологияны қорғау,табиғатты сақтау қазіргі жастардың қолында. Табиғаттың сырын қазіргі кезге дейін ғалымдар зерттеуде. Қазақ халқында табиғатты құрмет тұтады.
<span>Елбасы Қазақстан халқына жолдауында «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс» – деп атап өткен болатын. Ел Президентінің бұл сөзі жастарға серпіліс беріп және оларға үлкен сенім артатынының дәлелі. Елім, жерім, тілім, дінім деген әрбір қазақты патриот дейміз. Алайда бүгінгі өсіп келе жатқан жаңа буын, ертеңгі ел тізгінің ұстайтын азаматтарымыз патриот ұғымын қалай түсінер екен? Назарларыңызға шағын түрде жүргізілген сауалнаманы ұсынамыз. Патриоттық ұғымды қазіргі уақытта қалай ұғынасыз? Сіз өзіңізді патриотпын деп айта аласыз ба? Гүлмира, Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінің студенті: Менің ұғымымдағы патриоттыққа келер болсақ, біріншіден, мен өзімді патриотпын деп есептеймін. Менің бұған дәлелім, кез келген жерде кез келген уақытта тек қазақ тілінде сөйлеймін. Егер маған қазақ тілінде ақпарат бере алмайтын орта болса, ана тілімізде жауап қатуды талап етемін. Менің бұл өз тіліме деген үлкен құрметім. Патриоттық ұғымымызда еліне, туған жеріне деген ғана сүйіспеншілікпен ғана шектеліп қоймайды, ол қазақ халқына тән барлық құндылықтарды құрметтеу болып табылады. Айнұр, Қазақ Ұлттық Университетінің магистранты: Әрбір қазақпын деген азамат, ол өз елінің патриоты болуы тиіс деп ойлаймын. Сол секілді мен де өзімді патриотпын деп толық айта аламын. «Отан от басынан басталды» демекші. Кішкентай күнімнен ата-анам мені мектепке бермей тұрып-ақ маған әнұранды жаттатқызып, рәміздер дегеніміз не екенін, олардың мемлекет үшін маңызы қандай екенін ұғындырып өсірді. Осылай менің туған Отаным деген алғашқы патриоттық сезім қалыптасты. Қазірде халқымыздың өткен тарихы мені қатты қызықтырады, ол туралы оқудан, танып-білуден жалыққан емеспін. Бұның барлығы менің ұлтыма деген сүйіспеншілік, оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сондықтан да қазіргі уақытта өзіміз секілді жастар бойында бірінші орында тіліне, еліне, жалпы айтқанда өзінің ұлттық құндылықтарына деген құрметі тұруы басты міндет деп есептеймін. Ерлан, Мәскеу университеттерінің бірінде оқитын аспирант: Мен әрине, өзімді патриотпын деп санаймын. Қазір мен елімнен жырақта, көрші мемлекетте білім алып жатырмын. Менің бөлмемде көк туым мен қазақтың қара домбырасын қоспағанда көрпе-жастығымнан бастап, жамылатын жапқышыма дейін қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен өрнектелген. Қара шайды да арнайы қазақтың оюы салынған кесемен ішемін. Қол дорбам да, қалта әмияным да қазақтың нақыштарымен жасалып, тігілген. Мен бұның барлығын арнайы іздеп жүріп сатып алғанмын, кейбірін тапсырыспен жасаттым. Өз еліңде жүрген уақытта аса білінбейді екен. Ал өзге елде жүргенде туған жерге деген сағынышты айтып жеткізу мүмкін емес. Қазақстанға қатысты қандай бір жаңалықтар болып жатса, бәрін жиып қойып тыңдаймын. Қасымда Африкадан, Түркиядан, Индиядан бірге оқитын достарым бар. Олар біздің дәстүрімізге, мәдениетімізге үлкен қызығушылар танытады. Бұл мен үшін мақтаныш. Өзімді қазақ екенімді, қазақ болып туғанымды мақтан етемін. Патриоттық, меніңше, білгелі бір уақытқа, кезеңге бөлінбейді. Ол әрқашанда өзінің ұлтына деген ыстық сезімнен тұрады. </span>
Мұғалім: -Арсен мен Айдана сендер бүгін мектепте кезекшік қызметін атқарасындар, мектеп ішіндегі тазалық пен басқа сынып оқушыларына мектеп ережесін сақтатуға тырысыңдар.
Арсен:- Арине апай, сіз айтқандай барлығын орындауға тырысамыз.
Айдана: Ал мен, оқушылардың мектеп қабырғасында қоңырау кезінде жүгірмеулерін қадағалаймын.