Ответ: екі достың сөйлесуі
Объяснение:
Сәлем,Ерлан
Сәлем,Ерік
Мен бүгін оқжетпеске барып келдім
Ооо,қалай күшті.Ол жерде не бар екен?
Өте құпиялы жер екен.Жанында аңдар бар екен.Бүркіттің тастың үстіне қонғанын көрдім!
Мәссаған,мен осы суретті көз алдыма елестетіп кеттім ғой.Мен ол туралы кейбір ақындардың өлеңдерінде оқығанмын
Уақытың болса,барып қайтуды ұсынамын
Кеңесіңе рахмет
Саубол!
Кездескенше,саубол!
Алтын күз келді. Жапырақтар сарғайып, жерге түсіп жатыр. Жерге сары кілем төсеп қойғандай жұп-жұмсақ болып тұр. Күз мезгілін «алтын күз» деп айтатын себебіміз айналаның бәрі сары түске айналады. Күз – молшылықтың, байлықтың, берекенің айы. Қырман басы тазаланып, бау – бақша жиналып, құс базары тарқайтын кез.<span> Дальше сама что-то придумай)</span>
Дос деген қиындықта сыналады, оның шын дос екеніне сонда көзің жетеді,- деп естуші едім. Егер ол дос болса, оны сынап қажеті не,-деп ойлаушы едім. Менің досым - Данияр өз ісімен маған өзінің шын дос екенін мен күтпеген, ойламаған жерден дәлелдеді. Ал, мен болсам алғашқыда оның жақсылығын түсінбей одан теріс айналдым. Түсінікті болу үшін бәрін басынан бастайын. Біз, Данияр екеуміз кішкене күнімізден доспыз, балабақшадан бастап, қазір бір сыныптамыз. Екеуміз де жақсы оқимыз, тәртібіміз де жақсы. Мен биылғы оқу жылында сабаққа көңіл бөлуді азайттым, көбіне компьютерлік ойындар ойнап, планшетте отырғанды ұнататын болдым, үлгірімім кілт төмендеді. Досым маған бірнеше рет ескертіп, үлгірімім туралы ата-анама айтатынын білдірді, мен құлақ аспадым. Бір күні ата-анама айтты, мен оны сатқындыққа санадым, онымен дос болғым келмейтінін айттым. Сонда ол маған оқудың маңызын, біздің болашаққа жолдамамыз біліміміз екенін жақсылап түсіндірді, "дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады" мен саған дос болғандықтан сен күмілжіп, сабақ айта алмай тұрғанда, менің жаным ауырады, -деп өзінің мен үшін қатты қиналатынын айтқанда, мен өз қателігімді түсініп кешірім сұрадым. Досымның дер кезіндегі ескертуін естен кетпес жақсылық деп санаймын. Рахмет, досым!
Меніңше, әрбір оқушы ешкім өмір сүрмейтін аралға баруды армандайды. Бұл сіздің ақыл-ой күшін, күтпеген қиындықтарды жеңе білуді, дербес өмір сүру қабілетін тексерудің керемет мүмкіндігі. Мен белгісіз жерге жақын жерде, жабайы табиғат аясында жалғыз болғым келеді. Мен барлық қиындықтарға төтеп және қуанышты да ұмытылмас оқиғалар аралында өте таңғажайып сапар жасауға қабілетті боламын деп сенемін.
Егер мені сондай тосын жағдай күтіп тұрса,мен алдын ала заттарымды жинақтайтын едім . Ең алдымен үлкен рюкзімді жинаған болар едім. Мен, әрине, бірінші азық-түлік түлікті,компас, Шам, көрпе және лагерь жастықшамен қалта пышақ алар едім. Мен сондай-ақ кітап Danielya Defo ның «Робинзон Крузо оқиғалары» кітабын өзіммен бірге алғым келеді: Елсіз аралда өмір туралы айтқанда, толқыныс және қызықты өмір бар екеніне сенемін.
Дүниеге келген әрбір адам атаның баласы, ал адамның баласы болып қалыптасу оңай емес. Айырмашылық неде? Адамның баласы болу өзіңнің ғана емес, өзгенің қамын да ойлау. Ата-анаңды ғана емес, жалпы ортаңды, отаныңды, еліңді, халқыңды сүю, сыйлау. Адал еңбегіңмен ардақты болу. Кең болсаң кем болмайсың. Кішірейгеннен, кешірімшіл болғаннан қадірің төмендемейді. Халыққа қалаулы, елге елеулі болсаң, адамның баласы болып, атаңның еңбегін ақтағаның.