Туады ерлер ел үшін
Өлмейді ісі мәңгілік, Өшпейді абзал есімдер. Ұрпаққа жетіп мәңгілік Кетпейді естен асыл ер,- деп ақ жалын ақын Жұбан Молдағалиев жырлаған. „Ерлік – елге мұра, ұрпаққа - үлгі” бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы – біз үшін үлгі, шежіре, тағдыры – тарих деп есептеймін. „Ел ерімен еңселі”, „Елім” деп еңіреп туған ерлердің есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат, халық мұндай қаһарман ұлдарын жыр аңызға айналдырып, өшпес ерлігін ауыздарынан тастамай, жан жүрегінде сақтайды. Бүкіл бір елдің қасиетін өз бойына дарыта алған, туған ұлтын шексіз сүйіп, терең қадір тұтқан халқымыздың қаһарман ұлы – Бауыржан Момышұлы. Туған жерім Мыңбұлақ, арналы Ақсай, Ішсем суы татиды шекер, балдай Қызғалдақ, қалың егіс, көк жоңышқа Сенен артық жер, шіркін, өтер қандай, – деп өзі жырлағандай Бауыржан Момышұлы 1910 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Кейін „Ұшқан ұя” атты кітабында баяндағандай, Бауыржан атаның әкесі Момыш пен көкесі Момынқұлдың тәрбиесінен көп өнеге алған. „Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің”,- деп, дана халқымыз айтқандай, оның бойындағы адамгершілік – асыл қасиет, алдымен анасының ақ сүтінен дарыса, екіншіден, өскен ортасының тәрбиесінен дарыды деп ойлаймын. Қаршадайынан-ақ жігерлігі, қайтпас қайсарлығы, бойында бір жұмбақ күштің жасырынып, жанартаудай өз кезегін күтіп жатқандығы аңғарылады. Жеті жылдық білім алған Бауыржан ата алғаш еңбек жолын мұғалімдіктен бастайды, кейін қаржы саласында екі жылдай жұмыс істейді. 1932 – 56 жылға дейін үзбей әскери қызметте болған Бауыржан атаның жолы - өзінше бір ерлік дастан. Ол Ұлы Отан Соғысының жан беріп, жан алысқан қиян-кескі майданында-ақ асқан ер жүректілігімен, әділетсіздікке қаны қас, қиындыққа қайыспас қайсарлығымен, соғыс тактикасын жете меңгергені, дарынды қолбасшылығымен аңызға айналып, қаншама өнер туындыларының басты кейіпкеріне айналды.
Сонымен, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келетін
болсақ, ата-ананы сыйлап құрмет тұту, қартайғанда асырап бағу - жер-дүние
жаралғаннан бері қалыптасқан имандылық жолы, еш бұзылмайтын жол екенін
біліңдер, құрбылар! Қартайғанда барар жері, басар тауы жоқ қарттар үйіндегі
қариялардың ұлы мен қызына, яғни шұбар жыландарға ұқсамайық. «Алты аға бірігіп
әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас» дегендей ата-ананың қаншалықты
бағалы жандар екенін түсінейік. «Көргенді көгершін әке-шешесінен үш бұтақ төмен
қонақтайды» дейді жапон мақалында. Ал қазақтар «әркімнің әке-шешесі өзіне
әулие» дейді. Өкінішке орай, ата-ананың қадірін уақытында білмей, соңынан опық
жейді. Бірақ ол кезде бәрі кеш. Дүние кезек. Сен де өмір бойы жас болып
тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сені балаларыңда қартайғанда аялап күтіп,
бағып-қағатын болады. «Бағатын бала болса, өлетін кәрі жоқ» дейді бабаларымыз,
немесе «Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» дейді.
Психолог ғалымдардың айтуынша адамдарға қартайғанда өздерін
қажетсіз сезініп жалғызсырамауы үшін үлкендерге керегі баласының жұмсақ мінезі
мен жылы лебізі екен.
<span>Туыстар, достар, таныстар мен замандастар! Жылырақ
сөйлесейікші бір-бірімізге. Көлеңке түсірмейікші жарқын жүздерге, жас
толтырмайықшы қара көздерге. Қарттарымыз бүгін бар да ертең жоқ, сондықтан да
сыйласайық тіріде.</span>
Тазалық – денсаулық негізі,
Денсаулық – байлық негізі.
Мақал
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда.
Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.
<span>Жайлау – Жайлауда қазақтар немесе басқа да ұлттар демалады. Жазғы самал жел оларды рахаттантырады. Жайлауға мал жаяды. Қазір де малшылар жазғы жайылымды жайлау ретінде пайдаланады, жайлауға көшеді. Қой, түйе, сиыр жайлауға шығарылады. жазғы қоныс. Жайлауды суы мол, шөбі шүйгін, маса-сона, шыбын-шіркейі аз жерлерден таңдайды. </span>