Батыр Баян (поэма) – қазақтың атақты қаламгері Мағжан Жұмабаевтың жазған поэмасы.
Батыр Баян поэмасы бізге көп дүние үйретті, өмірдің мәнін ашты. Бұл поэма арқылы жастықтың албырттығын, сезімнің соқырлығы мен ақылға бағынбайтын асаулығын, ашу мен ақылдың, сана мен сезімнің таласын, әрі көзсіз ерлікті көреміз. Баянның ісі қызғаныш па, әлде Ноянның өз Отанынан бас тартуынан ызалануы ма, ол бізге құпия болып қалатыны бәрімізге белгілі. Бірақ оқырмандар өз нұсқаларын беріп, өз сөздерін дәлелдеуде. Менің өз ойымды айтар болсам, батыр Баянның ісі екі жақты, яғни ол өз інісін өлтірмесе, Баян негізінен жасы келіп қалған батыр болатын және де өзі де қалмақ қызына көрсетпесе де, өлердей ғашық болатын. Бірақ оның өз бауырын, былайша айтқанда, өз тұяғын өлтіргені – озбырлық, қатігездікті айқындайды. Поэма өзінің сюжеттік жағынан эпостық жырларға өте ұқсас. Мағжан керемет ел аузынан естіген миф-аңызды өзінің ақындық шеберлігіімен тамаша поэма етіп жазады. Трагедиямен аяқталған бұл поэма Мағжан поэзиясының биік асқар тауы болып табылады. Реалистік негізде жазылған поэманы Мағжан табиғатпен, яғни сол кездегі табиғат әсемдігін, бізге әсерлі жеткізе алды. Бір қарағанда қызықты сюжеті бар бұл поэма тек тарихты баяндап тұрғандай. Әрине Мағжан ақын тек тарихты жырлап қоймай, сонымен қатар ерлікті, еркіндікті көрсете білді. Керемет символистердің бірі болған Мағжан поэма арқылы терең бір ой бермекші.
Подробнее Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс. Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі - ең ұлы мен тамаша тіл. Менің ана тілім - қазақ тілі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Бұл - ауыр тіл, бірақ әрбір құрметті азаматқа оны білу керек. Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.
Ас атасы нан.
Әлемдегі ең асыл --нан.Нан--тіршілік көрегі.Нан -жердің түлегі.Нан күннен нәр алады.Адамға күннің нұрын құяды.Адамның өмірін күндей жарқыратады.Нан -табиғаттың ең ардақты тартуы.Ол барлық дәмнен тәтті.Ол бәрінен де қажетті.Нан-ең қасиетті,құрметті тағам.
Глава государства,президент