Салт етістік[1] — табыс септікті сөзді қажет етпей, түрлі қосымшалы сөздермен тіркесіп келетін етістік түрі. Салт және сабақты етістіктердің тұлғалық жағынан айырмасы жоқ, негізгі ерекшелік етістіктің ішкі мағыналық құрылымында. Етістіктің салт не сабақты болуы мағыналарының нысанға бағытталуына байланысты болғандықтан, Салт етістік сабақты етістікке, керісінше, сабақты етістік салт етістікке айнала алады. Салт етістікті сабақтыға айналдыруда -тыр, -тір, -дыр, -дір, -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -ыр, -ір, -т секілді өзгелік етіс жұрнақтары (ағаш өсті — ағашты өсір; орындықта тұр — орындықты тұрғыз, т.б.), ал сабақты етістікті салт етістікке айналдыратын -ыл, -іл, -л, -н тәрізді ырықсыз, өздік етіс жұрнақтары (сабақты оқы — сабақ оқылды; кітапты ал — кітап алынды, т.б.) үлкен рөл атқарады.[2] Зерттеушілер мұндай қосымшаларды сөзжасам қосымшалары дейді, ал салт және сабақтылық белгіні етістіктің полисемдік немесе омонимдік сипатын ажырататын шарт ретінде ұсынады. Яғни бірдей айтылатын етістіктер әр уақытта тек салт не тек сабақты мәнде болса, онда ол көп мағыналы етістік те, бірде салт, бірде сабақты болса, омоним ретінде танылады.[3] Салт және сабақтылық қасиет түбір етістікке ғана емес, туынды, күрделі етістіктерге де тән.[4]
Сәлем – сөздің анасы» деп қазақ бекер айтпаған. Алайда осы сөздің мән-мағынасын түсінбейтіндер арамызда көп-ау. Берген сәлеміңді алмай, сені көрсе де, көрмегендей қалыпта дәл қасыңыздан өте шығатындарға келесіде сәлемдескің келмейді-ақ. Бірақ келесі жолы да ондай кісілермен амандасасыз. Әйтеуір сіз сәлемдесуден айнымайсыз. Мұныңыз өте дұрыс. Діни кітаптарда да мұсылман мұсылманмен сәлемдесуі міндетті екені айтылады. Бұл – пайғамбарымыздан қалған сүннет.
Бірін-бірі танитын кісілер нәсіліне, дініне қарамастан амандасуы қажет. Өйткені олар, ең алдымен, ақыл иелері және бір-біріне бөтен емес.
Сондықтан сәлемдесу – адамдар арасындағы қарым-қатынасты жалғастырар ең басты тілдік құрал. Алайда ауыз толтырып «Алланың нұры жаусын!» деп, яки «Ассалаумағалейкум» деп сәлемдесіп, оған «Сізге де Алланың нұры жаусын!» деп жауап қатуға тиіс. Өз бауырларымыздың кейбірі ата дәстүрді бұзып, әлі күнге басқаша амандасады.
Өздеріңіз бірін-бірі көргенде беттерінен, тіпті еріндерінен сүйіп сәлемдесетін бойжеткендерді көріп жүрсіздер ғой. Міне, тап сол секілді ерлер де қол алысып амандасуды, тіпті төс түйістіргенді азсынып, енді бір-бірінің беттерінен «шөпілдетіп» сүюге кірісіпті. Әсіресе, мұндай келеңсіз құбылысқа икемділер ел білетін, азды-көпті лауазым иелері екені тіптен қызық. Ұлттың зиялысы болуға жарайтын, көпшілік «бұл бала билікке бір табан жақын жүретін азамат қой» деп қарайтын, костюм киіп, галстук тағып шікірейгендеріміздің кез келген жерде, көбіне қоғамдық жерлерде, кісі көп жиылған орындарда шұрқырасып, алма-кезек беттерін «былшылдатып» сүйісіп жатқанын көргенде өзің де қысылып қаласың.
«Өзі ұялмаған – өзгенің бетін шиедей қылады» деген – осы. Сәлемдесуді осындай деңгейге дейін түсіріп жүргендердікі білместіктен дейін десең, зіңгіттей, білімді адамдар. Бұлардыкі әлде жағымпаздық па? Екеуі де сияқты. Оңаша кабинеттерінде кездескенде солай амандасып жүретін болса керек. Сірә, жүре-бара жұрт көзінше де солай амандасуға көшкен.
Әрине, ұзақ уақыт көрмеген жағдайда балаларды, ұл-қыздарыңды, немере-шөберелеріңді бетінен, маңдайынан иіскеп, сүйіп, елжіреудің сөкеттігі жоқ.
Көпшілік бас қосқан жерде ортақ сәлем бергеннен кейін, жекелеп амандасу – басы артық әрекет. Әдетте жасы кіші – үлкенге, жеке – жалпыға, аттылы – жаяуға, басшылар бұқараға бұрын сәлем беруі – міндет.
1.Сыздым. Сыздың.
2. Мен сыздым. Сен сыздың.
3.Мен дəптерге сыздым. Сен дəптерге сыздың.
4.Мен дəптерге сызғышпен сыздым. Сен дəптерге сызғышпен сыздың.
Банан десе келмейді,
дəмі басқа бір белгі
Көп су болған қурамында
тауып көрші сен деймін.
Ответ:
Объяснение:самарқау тасбақаша создеринин корақша куралы