Өз елің – алтын бесігің.
Бірде бізге мұғалім “қандай елдерге барып,саяхат жасағыларың келеді?” деп сұрақ қойған.Сыныптастарым: “Жапония!Ұлыбритания!АҚШ!” - деп шулап қоя берді.Ал мен болсам үнсіз қалдым.Үйге келіп бұл сұраққа шындап ойлағанымда “туған жерімнен басқа жаққа кеткім де келмейді” деп шештім.Әрине, әркімге әрқалай.Алайда менің Қазақстаным өзіме қымбат та қадірлі, сүйікті әрі аяулы.Қазақ жерінің асты да,үсті де қазынаға бай.Ал қазақ халқының жомарттығына,ақкөңілділігіне еш халық тең келмейді.Мен осы жерде қасиетті алтын бесікте ардақты ана сүтімен көзімді аштым,есейдім.Мен осы жерде дара ұстаздарыммен білім алудамын.“Туған жердің күні де ыстық,түні де ыстық" демекші,маған Қазақстанның аптап ыстығы да қатаған сары аязы да өзінше жылы,қымбат.Басқа елде бар нәрсе менің де байтақ туған жерімнен табылады.Сондықтан да мен “өз елің – алтын бесігің” деген қағиданы нық ұстанып,туған елім мен жерімнің өркендеуіне ат салысатын боламын.
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі.
Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық.
Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.оз достыгынды багалай бил.