Отан оттан да ыстық.Әр адамның өз отаны бар.Әр адам өз отанын құрметтеп сыйлау керек.Әр адамға өзінің туған жері ыстық болады.Ол өз Отаның ешқашанда ұмытпай есте сақтау керек.Менде өз отаныммен мақтанамын және мен оны сыйлаймын
Шанғы
Мен жазда тауға бардым.Алатау тауына.Сосын ол жерде букілі жанғымен сырғанады.Мен де ойландым.Тебейн ба ? Теппейн ба?Сосын жалға шанғы алдым.Бірақ шанғы тебуді білмеймін.Сосын досыма хабарластым.Досыма тауға кел деп айттым.Досым бір сағаттан кейін келді.Ол да жалға шанғы алды.Досым екеуміз шанғы тебуге кеттік.Сосын досым шанғымен тебуді уйретті.Мен сол куннен бастап шанғы тебе аламын.
Зат есым:Көктем келіп, қар еріді.Оқушылар қыркүйекте мектепке барады.Мен 8 Наурызда аяулы анам үшін сыйлық жасаймын. Сын есым:Серега жаңа киім сатып алды.Адиль әр түрлі журналдар қарады.Мия қызыл көйлек сатып алды
Адырна - қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан көп ішекті музыка аспабының бірі. Ежелгі заманда бұл аспапты аңшылар ұстаған. Садақ атып, жебе тартып, аң- құстарды аулаған. Әуелде адырна садақ пішінді болды. Кейін бұл аспапты бұғы, марал, арқар тұрпатты аңдардың тұлғасына ұқсастырып жасады. Әуелі ағаштан құрап шанақ, мүйіз жасалынып, шанақтың асты- үсті терімен қапталады.Мүйізге жағалай құлақтар бекітіліп, ішіктер байланады. Сөйтіп, аспапты екі тізенің үстіне қойып, оң қол, сол қол саусақтарымен іліп тартып ойнайды.
Аса таяқ - сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Ұзындығы 110- 130 см. Тұтас ағаштан арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек тектес. Бас жағына түрлі темір сақиналардан сылдырмақтар тағылып, өрнектермен әшекейленеді. Аса таяқ өзіндік үнімен ерекшеленеді. Аспапты ырғап, шайқап ойнайды. Аса таяқ аспабын ертеде көбінесе бақсылар қолданған. Қазіргі кезде көне үлгілері қайта жасалынып, ұрмалы музыкалық аспаптар тобына қосылады.
Домбыра - қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Өзіне тән ерекшелігі бар, ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып, немесе құрап жасалады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі.Домбыраның екі ішектісінен басқада үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек деп аталатын түрлері бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды.
Дауылпаз - ұрып ойналатын музыкалық көне аспаптың бірі. Халық тұрмысында кеңінен қолданылған. Әсіресе, бұрынғы кезде, жаугершілікте дабыл қағып, белгі беру үшін пайдаланған. Аспаптың жасалу құрылысы анағұрлым күрделі. Ол тұтас ағаштан ойылып жасалады. Бет шанағы терімен, қапталады. Иыққа асып алып алу үшін қайыстан арнайы аспалы бау бекітіледі. Дауылпаз ағаш тоқпақпен ұру арқылы дыбысталады. Қазіргі кезде дауылпаз аспабы көптеген фольклорлық ансамбльдерде кеңінен қолданылып жүр. Дауылпаз тектес аспаптар әр түрлі атпен басқа халықтарда да кездеседі. Айталық, өзбек халқында - «Тәбльбасс», Қырғызда « Доолбас» деп аталады.
Ата- ана алдындағы борыш.
Отбасы күніне жазылған оқушы шығармасы.
Әр бала үшін дүниедегі ең қымбат жандар, әрине, ата-анасы. Олардан жақын адам табыла қоймас. Олар біздің туғанымыздан бастап, қасымызда жүріп,қамқорлық жасап, қолындағы барын бізге берген. Мен ата-ананың алдындағы борышты өтеу мүмкін емес деп ойлаймын. Себебі, олардың бізге сыйлағаны баға жетпес сыйы -өмір.Бұл-өте қымбат нәрсе.
Олар бізді дүниеге әкелді, ал біздің қолымыздан келетіні ол ата-анамызды ренжітпей, әрқашан оларға көмектесіп, қамқорлық жасап, құрметтеу ғана.Олардың бізге бергенін, біздің оларға беретінімізбен салыстыруға болмайды. Өйткені дүниедегі ең қымбаттысы-өмір. Ал, олар бізге өмір сыйлаған жандар емес пе? Біз оны бағалай білуіміз керек. Міне, сол себепті, біз ата-анамызға барынша қамқорлық жасап, оларды қуантып жүру біздің парызымыз.
<span>Мен ата-анама деген махаббатымды сөзбен жеткізіп айта алмаспын.Бұл сөздер менің оларға деген ыстық, шынайы сезіміммен салыстырғанда түкте емес. Ата-анамның көңілдеріне қаяу түсірмей, оларды бақытты ету үшін қолымнан келгенін істеймін.Оларға мың алғыс айтамын! Асқар тауым әкем ақ жаулықты анам – асыл жандарым</span>