Тоқылдақ туралы тақпақ Тоқылдақтар тоқылдап Ешбір тыным көрмейді Ағашты қанша тессе де, Жұмысы бір өнбейді.
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте,- деп неге айтылған?
Өз тіліңді, яғни ана тіліңді өзің құрметтемесең, оны өзге жұрт қалай құрметтейді, өз тіліңді құрметтегенің сенің өзіңді, отбасыңды, Отаныңды құрметтегенің.
Мен сонда өз тіліме қандай құрмет көрсетуім керек?
Өз тіліңде өзге тілді қоспай таза сөйлеуің қажет.
Мен өз тілімді жақсы көргенмен жақсы сөйлей алмаймын, енді не істеуім керек?
Әлі де кеш емес, үйрен, өз тіліңді білмей жүріп, үшінші тілді қалай үйренбексің?
Мен сенен өтінемін маған тілімізді жақсылап үйренуге көмектес.
Сенен көмегімді аямаймын.
Ал, өзге тілдің бәрін біл,- деген не?
Ол сен қанша тіл білсең де көптік жасамайды, - деген сөз.
Шаштараз.
Оқу жылының басталуы да таяп қалды.Мен оқу құралдары мен киімдерімді сатып алып,даярлап қойғанмын.Енді шашымды қидырту ғана қалды.Әкем апарайын ба дегенде,мен өзімнің есейгенімді көрсетпек болып,өзім барам дедім.Үйге жақын орналасқан шаштараздардың біріне кірдім.Іші өте ідемі әрі жаңа.Танымал әндердің бірі қосылулы.Бір шаштаразшының қасына барып,шаш қидыртуға келгенімді айтқан едім.Ол маған шаш үлгілерін ұсынды.Мен не таңдарымды білмей қалғанмын.Сондықтан,шаштаразшыға: "мектепке сай,көбісі қидыртатын шаш үлгісін қолдана беріңіз" - дедім.Бірер уақыттан соң шашым жаңарып шыға келді.Шаштаразшыға алғысымды айтып,ақшамды тастап кете бардым.Енді шаштаразға өзім қорықпай бара беретін болдым.
Қазақстанға қажет мамандар.
“Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де,талап қыл!” демекші,әлемде сан мыңдаған мамандық түрлері бар.Біреулері мемлекеттің өркендеуінде айрықша орын алса,енді біреулері туралы ештеңе де білмейсің.
Қазіргі таңда елімізге нағыз қажетті маркетолог,web-дизайнер,химик, ақпараттық технолог,өнеркәсіп саласының мамандықтары болып табылады.Әрине,әр мамандықтың алар орны бар,бірақ аталған мамандықтар бойынша білікті маман саны көп болса,еліміз де дамыған елдер қатарына қосылушы еді.Мектеп бітіріп шыққан түлектер бұл мамандықтарды емес,экономика,заң саласын таңдайды.Себебі,жоғарыда қажетті деп танылған мамандықтардың оқуы қиын әрі күрделі,сонан соң жұмыс жасау да қиын көрінеді.Бұл мамандықтар көп ізденісті,еңбекті қажет етеді.“Бейнетін көр де,зейнет көр” дегендей,жастар бұлардан қашпауы керек деп білемін.
дарынды бағала батылдық күзгі қайратты өнегелі