азу тіс коренной зуб ақыл тіс зуб мудрости алақан ладонь арқа спина асқазан желудок атыжоқ саусақ безымянный палец ауыз рот аяқ нога балтыр голень бас голова бас сүйек череп басбармақ большой палец руки бауыр печень башпай большой палец ноги бел поясница бет бет бөксе ягодица бүйрек почка бүйір бок білек запястье ерін губа жақ щека жақ сүйек челюсти жауырын лопатка желке затылок жұдырық кулак жұлын спинной мозг жүрек сердце иек подбородок иық плечо кеуде грудь көз глаз күрек тіс передний зуб кірпік ресница қабақ веко қан кровь қарын живот, желудок қас бровь қол рука қолтық подмышка құлақ ухо қызыл иек десна маңдай лоб ми мозг мойын шея мұрт усы мұрын нос омыртқа позвоночник ортаңғы саусақ средний палец өкпе лёгкие өкше пятка сақал борода самай (шеке) висок саусақ (бармақ) палец сұқ саусақ указательный палец сүт тіс молочный зуб тамақ горло тері кожа тырнақ ноготь тізе колено тіл язык тіс зуб шаш волосы шынашақ мизинец шынтақ локоть іш живот (внутренность) животных и птиц жүн шерсть, пух қанат крыло құйрық хвост тұмсық хобот, клюв тұяқ копыто
Киіз үй қазақтың өз өміріндегі ұстанар салты мен дәстүрінің де таңбасы, белгісі. Оның дүниетанымының, сан ғасырлық мәдениетінің жарқын айғағы. Өйткені қазақ халқының салт-дәстүрінің көпшілігі осы киіз үйге байланысты.Киіз үй, ең алдымен, оның иесінің байлығын, тұрмыс жайын білдіреді. Оның екі, үш қанаттан бастап он екі, он сегіз, отыз қанатқа дейін жететін түрлері болған. Ал киіз үйдің керегесінің басы 70-тен 360-қа дейін барады. Ауқатты қазақтардың киіз үйлері, әлгіде айтқандай, үлкен және өте бай жиһазды өрнектермен безендіріледі.Оларды ақ орда, алтын орда, алтын үзік деп атаған. Одан басқа киіз үйлердің алты қанат ақ боз, қоңыр үй, қара лашық, күрке отау, итарқа т.б. атаулары бар. Киіз үйлер өзінің мәдени-тұрмыстық, шаруашылық жағдайына байланысты да үш түрге: 1) жаздыгүні тұруға арналған, 2) мереке-жиын кезінде қонақ күтіп алатын және 3) жорық кезінде тігілетін киіз үй болып бөлінеді. Жолаушылар мен жорықшылардың тігетін үйлерін абылайша, ақ қос, қос, қаңқа, (арбаның үстіне тідгілетін үй), жарық үй деп атаған. Сондай-ақ құрым киізден, қамыстан, шиден киіз үй тектес үйшіктер мен күркелер салынатын болған. Бұлар, көбіне, қақыра немесе қалқа деп аталған да, жаугершілікте, майдан шебінде далада, жауын-шашыннан қорғану үшін тігілетін болған.Киіз үйдің негізгі қаңқасы – кереге, уық, сықырлауық, шаңырақ – киіз үйдің сүйегі деп аталады. Олар бір-бірімен бау-басқұрлармен біріктіріліп таңылады. Оның сыртынан ши тұтылады да, киіз әбзелдер (туырлық, үзік, түндік, киіз есік) жабылады. Бұлардың әрқайсысының өз орны бар: туырлық керегеден уықтың ортасына дейін, үзік кереге басынан шаңыраққа дейін, түндік шаңырақты, ал киіз есік сықырлауықты жауып тұрады. Бау-басқұрлар киіз үйдің сүйегін ұстастырып қана қоймай, сыртқы киіздерін де бастырып тұру мақсатында қолданылады.Киіз үйдің сыртқы әбзелдері күн сәулесі мен тамшы өткізбеген, жылу сақтаған. Оларды жасау қазақтың киіз басу, өрнек жасау өнерін тереңдете түскен. Бұл әбзелдерді ақ тоқтының жүнінен басылып, пісірілген шаңқан ақ киізден пішкен, тіпті кейде киіздің түсін ағарта түсу үшін бор да қосатын болған. Оюлап пішілген ақ киізді өрнекті жіппен жиектеген немесе мақпал мен шұғадан ою бастырған. Ал киіз үйдің бау-басқұрлары әшекей өрнекпен көмкеріліп, түрлі-түсті жіппен тоқылатын болған.Соңғы ғасырдың аяқ шенінде қазақ мемлекетінің тәуелсіздік алуына орай, ұлт мәдениетінің де жанданғанын жақсы білесіздер. Қазақтың қасиетті киіз үйі де ұлт мәдениетінің бір көрінісі ретінде қайта дәріптелді. Жер-жерде ата-бабаларымызға арналып беріліп жатқан астар мен өткізіліп жатқан ұлан-асыр тойлардың сәні қазақтың сән-салтанаты мен ұлттық дәулетін көрсететін осы киіз үйлер болуда. Әсіресе алғаш рет 1991 жылы Абылай ханның асында тігілген Торғай ордасы деп аталған киіз үйдің даңқы айрықша болды. Кейіннен оның көлемі 12 қанаттан 18 қанатқа дейін ұлғайтылып, Есет батырдың, Шақшақ Жәнібек батырдың, ұлы Абайдың тойларында қайта тігілді. Бұл киіз үйдің биіктігі 8 м, ішіне жүздеген адам еркін сияды. Осындай сән-салтанатты қазақтың киіз үйлері – ұлтымыздың мақтанышы.

Мен Алдармын, Алдармын,
Сақалымды талдармын.
Сақал түгіл мұрт та жоқ,
Шайтанды да алдадым.
Сусыз жерде өсемін,
Сондықтан да Көсемін. Осы шумағы ғана! А мынауы біреудің шығарғаны болуы керек!
Мен Алдармын, Алдармын
ағасымын балалардың
ақылы жоқ, сөзі көп
теңдесімін шалдардың
Мен Көсемін, Көсемін
бай мен бекке өш едім
кедейлердін жолына
көңілімді төседім
Мен Алдармын, Алдармын
қол жетпейтін заңғармын
сөзін сөйлеп досымнын
қарапайым жандардың
Мен Көсемін, Көсемін
елмен бірге өсемин
қайтарамын байларға
кедейлердің есебін