Ақтау
Маңғыстау облысының орталығы саналатын Ақтау қаласының бұрынғы атауы Шевченко болатын. Қала атауы 1991 жылы өзгерді. Касспий жағасында орналасқан әсем қала газ бен мұнай өндіретін өнеркәсіп орталығы.
ХІХ ғасырдың басында Қазақстан жерінде айдауда болған украиндық ақын Тарас Шевченконың құрметіне 1964 жылдан 1991 жылға дейін Шевченко деп аталған. Мемлекеттегі жалғыз атом станциясы қалаға таяу жерде салынған. Ақтау қаласы Қазақстанның өзге қалаларынан өз көшелерімен ерекшеленеді. Бұл қалада көше атаулары жоқ. Ақтау көшелері ықшам аудандармен бөлінеді. Мен Ақтауда тұрамын, ол менің туған қалам, кіші Отаным. Сондықтан туған өлкемді қадірлеп, мақтан тұтамын. Мектебім де қаланың орталығында орналасқан. Мен үшін Ақтаудың орны ерекше.
Өзіндік тарихы бар туған қаламның бүгінгі көрініс көз тартарлық. Каспий жағалауы Ақтаулықтардың, қонақтардың демалыс орны. Жыл барысында өткізілетін дәстүрлі мерекелер осы жағалауда орналасқан орталық алаңда ұйымдастырылады. Ақтауды мәдени орталық ретінде көпшілік мақтаныш етеді. Облыс орталығы болғандықтан ірі өнеркәсіп зауыттарынан алюминий, әсіресе мұнай, сүт өнімдерін т.с.с өндіріледі.. Мынадай бақытты өмірде, тыныштығы жарасқан қазақ жерінде Ақтаудай көркем қалада өсіп келе жатқаныма ризамын. Келешекте өмірден өз орнымды тауып, кірпіш болып қалану- басты мақсатым.
Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын. Ешқандай қиыншылық көрмей жүргенімде, ата - анамның жүздерінен қуаныш пен шаттық іздерін байқағанда, көкірегімді керіп «Тәуелсіз елдің патриотымын!»деп айта бергім келеді. Еліміздің бейбітшілігінің, тәуелсіздігінің арқасында күліп - ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті елдің еркін ұланының бірімін!Елімнің ертеңінен, болашағынан жүрегім қорықпайды, керісінше, қуанады, ендеше, келешегім нұрлы болмақ. Оған негіз – бүгінгі «арыстандай», «жолбарыстай», «қырандай» күшті жас ұрпақтың, біздің бүгінгі әдемі әрекеттеріміз, ұтымды ұмтылыстарымыз. Мен қазақ болып туылғаныма, осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма бақыттымын. Өйткені, мен Тәуелсізбін, тәуелсіз елдің патриотымын!
Казахский надо учить))
Тема:"Тілім менің тірегім"
Қазақстан болашағы-қазақ тілінде. Тіл халықтың даналығы, танымы мен талғамын тауып айтатын шыншылдығын көрсететін, ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан баға жетпес қазынасы. Тіл туралы заң-адастырмас Темірқазық.
Тіл-қазына, мұра, күнделікті еңбек, тұрмыс, өмір сүру қаруы. XXI ғасыр табалдырығында тұрған осынау дүбірлі дүниеде өзіңді мойындатудың бір жолы бар. Ол тағылымды тарихыңды таныту, өрелі мәдениетіңді өрістету, озық ғылымыңды көрсету. Ұлтты ұлт ретінде ұстап тұратын төрт қазық бар. Олар тілі, діні, саны және салт-дәстүрі. Осы төрт қазықтың ең маңыздысы-тіл. Ұлы Ахмет Байтұрсынов «Сөзі жоғалған халықтың өзі жоғалады» деп көрегендікпен айтып кеткен.
Егемендік алып, елдік қасиет, дәстүр салтымызды дәріптеп жатқан қазіргі уақытта «Туған жер- тұғырың, туған тіл қыдырың» деген ұлағатты сөзді қай кездегіден де жиі айтатын болдық. Жерсіз ел болмайды, тілсіз халық болмайды. Тіл бізге ана сүтімізбен бірге сіңеді. Бұрын жас ұрпақ тәрбиесінің түп қазаығы аталар мен әжелер болатын. Жас ұрпаққа иманжүзділіктің ұрығы әженің әлдиі мен атаның өнегесі арқылы сіңеді. Ана тілі*-халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай қиын күйге түсер еді? Сондықтан тіліміз ана тілі атану үшін, күнделікті өмірде ұдайы қолданыста болуы тиіс.
Ал екінші бақытым- Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де
Қасиетті тілімнен түңілмедім, -деп Мұқағали атамыз жырлағандай ана тіліміз ешқашан ұмытылмайды. Тәуелсіздік тірегі-тіл. Демек, тіл мерейі үшін күрес-киелі күрес. Таудың кәусар бұлағы қандай таза болса, қазақтың тілі мен діні де сондай таза. Мен үшін ана тілім-Абайдың сөзі, Ақан серінің әні мен Құрманғазының күйі болып есептеледі. Тіліміздің өркендеуі үшін әр азамат үлес қосуы және ат салысуы тиіс.
Қорыта айтқанда, қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде шын мәнінде үстем жағдай иеленіп келе жатыр, оны ұлтына қарамастан біздің еліміздің барлық азаматтары меңгеретін болады деп сенімдеміз. Тек қазақ жастары ғана емес, еліміздегі барлық ұлт өкілдері мемлекеттік тілді меңгеріп, Қазақстан Республикасын дүние жүзіне танытса екен демекпіз. Бұл үшін бізге төзімділік, белсенділік іс-қимыл қажет.
Елдің ертеңіне кепілдік болар жас буынның бойына сіңіріп, ойына руханиялықтың дәнін дер кезінде егу біздің парызымыз. Еліңді тану үшін –тіліңді білу керек емес пе ағайын!
Менің ең жақсы досым! Мен ол туралы не айта аласыз? Біз әрқашан біз бірге барлық уақытта болтаться praktichiski, жақсы және жаман ауа райының онымен жүре. Біз бала кезінен менің ең жақсы досым таныс! Kalyasok Толығырақ! Біз әрқашан да бір-бірімен және барлығын ортақ. Ал Luba достар жанжал. Менің ең жақсы досым ең жақсы!
Машинистки.
Свечники.
Целовальники.
Катали,
Горновые.
Плитовые.
Насыпалы.
Чертежники.
Ямщики-извозчики.
Сейчас новые технологии и телевизоры делают из микросхем. Так что практически исчезли теле-мастера.