1Отыз екі мықты,
Қаз-қатар боп шықты.
Он алтысы асты.
Он алтысы үсті.
/тіс/
2.Екі атым бір тыңбайтын,
Өзімді ғана тыңдайтын.
/екі аяқ/
3.Оң жағымда бес сарбаз,
Сол жағымда бес сарбаз.
/он саусақ/
Көп-мол: Барлық-бүкіл: Қажет-керек: Түрле-өзгерт-әрлендір: Адамдар-кісілер-жандар-пенделер: Жұмыс істедім- еңбек еттім.
Публицистика (латынша: көпшілік, әлеумет)—қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады.
Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде публицистиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т. б. шығармаларды, шешендік сөздер публицистикалық стильдің ауызша түріне жатады.