Ответ:
Үлкендерге құрмет көрсету керек (жайылма, жақсыз)
Қар жауды (жалаң, жақты)
Өзеннен балық аулаймыз (жайылма, жақсыз)
Біз мақтан тұтамыз (жайылма, жақты)
Жеті жұрттың тілін біл (жайылма, жақсыз)
Оқыған озады (жалаң, жақсыз)
Ұрлық түбі-қорлық (жайылма, жақсыз)
Менің бұл сөзге қосылғым келмеді (жайылма, жақсыз)
Бейбарыс өмір бойы қыпшақ тілінде сөйлеген (жайылма, жақты)
Маған сабақтан қалуға болмайды (жайылма, жақсыз)
<span>Адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өтпеуі керек. Өмірдегі әрбір уақытын, өз бойындағы қайрат-жігерін, ақыл-ойын өмірге, өзі өмір сүріп отырған қоғамға жұмсап, қалтықсыз еңбек етуге, сөйтіп өзі үшін де өзгелер үшін де игіліктер жасауға жұмсауы керек. Уақыт бізбен санаспайды, тез өтіп кетеді. Сондықтан өмірдің әрбір сәтін бір күндік қызықтармен ғана қор қылмай, өмірдің ізсіз, мазмұнсыз болмауын қадағалау керек. Қазіргі жастық шақ – адамның өмірінің қайратты да, мүмкіндігі мол тамаша шағы. Оны жылдың көктем мезгілімен салыстыруға болады. «Көктемнің бір күні - жылға азық», - дейді халық. Ендеше жастықтың бір күні - сенің бүкіл өміріңе азық деуге болады. Уақыт бар ғой деп бүгінгі ісіңді ертеңге қалдырма. Өмірдің ұзақ екені рас, бірақ ол біреу ғана. Зымырай шапқан асаудың мойнындағы арқандай шұбатылып, ол тез өтіп кетпек, оны өз тұсыңнан өте бергенде бас салмасаң, өтіп кеткеннен кейін қусаң да жете алмайсың. Уақыт зымырап өтіп жатыр. Ол ешқашан тоқтап тұрмақ емес. Бір данышпанның мынандай бір қанатты сөзі бар: «Кешегі күн өтіп кетті. Ертеңгі күн белгісіз. Сондықтан бүгінгі күннің құны мен қадірін біл». Расында да, біз өтіп жатқан уақыттың құнын біле бермейміз. Көбінесе, уақыт өтіп кеткеннен кейін ғана «аһ» ұрамыз. Демек, уақыт - адам баласына берілген өткінші бағалы зат. Уақыт қайта айналып келмейді. Халқымыз уақытты дүниедегі ең қымбат нәрсе болғандықтан да алтынға балайды. Алтының әзірше өзіңде. Оған басқалар көз салмасын десең, дұрыстап сақта. Уақытты көбінесе жаман әдеттер мен қылықтар құртады. Мысалы, жаман әдетке құмар адам уақытын тек осы жолға арнайды. Мақсатсыз қыдырымпаз адам уақытты тек бос сенделумен өткізеді. Құмар ойнағыш уақытын ойынмен толтырады. Ал өзің алтын уақытыңды қалай өткізудесің? Барлық нәрсе уақытты тиімді пайдалана білуге байланысты. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Уақытты меңгере алмаған адам жетістікке жете алмайды. Уақыттың қадірін білу керек. Әрбір жылдың, айдың, аптаның, бір күннің, бір сағаттың, бір минуттың, бір секунттың өзіндік құны бар. Осыны түсіне біліңдер
</span>
Постер дегеніміз плакат. Мысалы а4 ға мен армандайтын мектеп деп жазып сыртын коршап жан жағынан стрелка шыгарып жазасын:
мектеп Таза болса, білімді мұгалімдер, акылды оқушылар т. Б сол сиякты жазасын
Қазақша шығарма: Тіл - ел байлығы Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс.
Источник: https://www.zharar.com/tags/%D1%82%D1%96%D0%BB+%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B+%D1%88%D1%8B%D2%93%D0%B0%D1%80%D0%BC%D0%B0+%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%88%D0%B0/
© www.ZHARAR.com
Баяндауыш деп сөйлемде бастауыштың қимылын, ісін, жай күйін, кім, не екенін білдіріп тұратын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз.