Спортпен айналысу-денің сау болады.
Блог жүргізу - көңіл күйің көтеріледі.
Гүл өсіру - таза ауамен демаласың.
Ол шарасыздықтан оқуын тастап, елге оралуға мәжбүр болды.
<span>«Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел», - деді Президент. </span>
Мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ғакіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шаққанда корықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау коғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы.
Қорықтардың табиғи ұлттық парктерден айырмашылығы;табиғи парктерде кіріп серуендеуге мүмкіндік бар.Ал қорықтарда оған тыйым салынған.
Еңбегі аздың-өнбегі аз– яғни аз еңбектенген адамның өнетін жетістіктері де аз болады.
Еңбегіне қарай-құрмет,
Жасына қарай- ізет. – еңбекқор адамды жасы да, кәрісі де, барлығы құрмет тұтады.Ал үлкен кісілерді тек олардың жасы үшін ізет көрсетіп, құрметтейді.