Міне, көзді ашып жұмғанша, осы жылы Қазақ халқы тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлайды. Тәуелсіздікке жету – оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы.
Тәуелсіз мемлекетке айналу, бізге үлкен серпіліс, күш берді. Тарихи күш десе де болады. Біздің өз еркімізбен алға ұмтылуға, мемлекет болып өркендеуге жол ашылды.
Тәуелсіз мемлекет бола салысымен, көптеген шұғыл сұрақтарға шешім табылды. Неше түрлі ауыртпашылық әкелген Семей полигоны жабылды, Арал теңізі мәселесі шешілді, тарихи мұра, мәдениетіміз, қазақ тілі қайта жаңғыртылды, табиғи байлығымызды өз иелігімізге қайтара алдық.
Қазір біз болашағымызға сеніммен қарай алатын, зайырлы, өркениетті, индустриалдық жаңғырту жолында жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан мемлекетпіз.
Тәуелсіздікке дейінгі кезеңде өз жерімізде басымызды түсірдік. Экономика, ішкі және сыртқы саясатпен қатар, табиғи қорларымыз да, басқа мемлекеттің қарамағында еді. Сол қиын-қыстау кезеңде, қазақ халқының сана-сезімі, намысы оянды. Жігерлі қазақ жастары өз жерімізде лайықты күн көруге, өз ана тілімізді, мәдениетімізді құқылы қолдануға талпынды.
Бүгін міне, тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында, біз артқа карап, Кеңес Одағы кезеңіндегі тарихты, сөзбен жеткізе алмайтын қиын өмірді еске алып жатамыз. Сонау Горбачёв бастаған қайта құру кезеңі ұлттық сана-сезімді оятты. Жаппай қазақ мектептерінің жабылуы, қазақ тілінде шығарылған газет-журналдар, мақалалар, кітаптардың сатылымнан жоғалуы, жоғарғы билеуші таптың басымдылығы, біздің ержүрек, батыл, намысшыл жандарымызды ызаландырды. Сөйтіп, халықтың ұлттық мүддесі үшін күреске жол ашылды.
Как я тебе помогу если фото нету!
1)кітап пен ғылым - тілсіз мұғалім.
2)кітап алтын - қазына
3)күш - білімде,
білім - оқығанда.
4)кітап білім-бұлағы,
білім өмір-шырағы.
5)ктап көзі жұмыққа арзан,
көзі ашыққа маржан.
6)кітап - қаймақ, білім - оймақ.
7)кітап оқығандікі, білім тоқығандікі.
Ырым деген біздің Ұлы Қазақ халқының (әрине басқаларда да бар) ғасырлар бойы жинаған тәжірибесінің нәтижесінде жасалған дүние. Оның басты күші сенімде жатыр. Ата-бабамыз қандай да бiр іс қылардың алдында ақымақ болып, асығыстыққа бармаса керек. Ырымды ұстап жүріп-ақ аузынан Алласын тастамаған. Ұрпақ тәрбиесі мен халық санасының өркендеуі көбіне көп аяулы әйелдерге байланысты болып келеді. Сол себепті де қыздарға арналған ырымдар:
* Жүкті әйел шашын кеспейді. Өйткені мұндай қылықтан бақ таяды, іштегі баланың бақыты сөнеді, кемтар туылады, қол-аяғы қысқа болады деп ырымдалады.
* Жүкті келіншек “ұл табамын” десе, еркектің қару-жарағын, шалбарын басына жастанып жатады. Ал қыз тапқысы келсе – қызыл ала шыт, әйелдің көйлегі, жүзік, сырға, алқа, білезік, моншақ жастанады.
* Қазақ қыз баланы қорламайды. Қыз – ару, болашақ ана. Ұрпақ қыз арқылы өрбиді. «Қыздың жолы жіңішке», «Қыз назықырық кісіні мас қылады», «Қыз жат жұрттық» деп әлпештейді. «Қыздың қабағында құт бар», «Қыздың қабағы күлімдесе – құт қонады». «Қызды жылатқанның қырсығы қырық есекке жүк болады» деп ырымдап, қыз баланы адамның бақытына балайды.