Менің сүйікті пәнім
Мен мектеп - гимназияның ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын сыныпта оқимын. Ағылшын тілі - менің сүйікті пәнім. Себебі, шет тілін жетік меңгерген адам қашанда өз орнын тауып, жақсы жұмысқа орналаса алады. Сонымен қатар Елбасымыз айтқандай бәсекеге барынша қабілетті маман иесі бола алады.
Шет тілін оқып үйрену несімен қызық десеңіз, сол шетел тілін меңгере отырып, сен тіл үйренгенмен қатар сол елдің мәдениетін, тарихын, әдет ғұрыптарын да қоса меңгересін.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа кезекті жолдауында үш тұғырлы тіл жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынған болатын. Бұл жағдайда Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылады. Бұл тілдер: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – халықаралық бизнес пен экономика тілі.
Болашақ осы үш тілді қатар, жетік меңгерген жастарымыздың қолында болмақ. Себебі қазіргі жаһандану заманында бәсекеге барынша қабілетті жастардың болашағы жарқын болмақ.
Қазақстан Республикасы Болон процесіне мүше болғаннан бері үш тұғырлы тіл мәселесі өз маңызын жоғалтпай, керісінше арта түсуде. Қазіргі кезде үш тілді қатар меңгеруге бар жағдай жасалып отыр, сол мүмкіндікті барынша пайдалану керек деп есептеймін. Бұл да қазіргі заман талабы. Тез өзгеріп жатқан дұниеде өмір сүріп, өз орныңды табу үшін жан – жақты болу керек. Дана халқымыз «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деп қазіргі заман талабына сай көрегендікпен, қалай терең ойлап айтқан десеңші...!
Алібекке ойыншықпен ойнаған ұнайды. Маған өлең айту ұнайды. Саған адамдармен сөйлесіп, ой алмасқан ұнайды. Оға Абайдың мүсіні ұнайды.
Это буквы русского алфавита, которые ты написал.
<span>Төлқұжат, сынып, сазгер, елтаңба, заңгер, әуежай, отбасы, ғарышкер, теледидар, үнтаспа, үнпарақ, дереккөз, мұрағат, бағдаршам, мұражай, жеделхат, балмұздақ, оқулық, ұшақ, жолсерік, тоңазытқыш, </span>
Вокзалда, рына, жолда, калада, жакка, каланын, калада.