Қыста қар көп жауғандықтан, адамдар қар күрейді. От жағады, ағаш жарады. Қыста адамдар малдарын жайлайды.
Аюлар[1] (лат. Ursidae) — жыртқыштар отрядына жататын аң. Олардың денесі шомбал, басы үлкен, құлағы кішкентай, құйрығы қысқа (қалың жүнінен көрінбейді). Жүні бір түсті, қоңыр, қара не ақ, аяғы бес саусақты, тырнақты болады. Иіс сезу қабілеті жақсы жетілген. Қазір олардың ақ аю, ақтөсті аю, қоңыр аю, барибал, ерінді аю, малай аюы, көзілдірікті аю және үлкен панда деген 8 түрі кездеседі. Ақ аю Солтүстік Мұзды мұхит жағалауында тіршілік етеді. Оның дене тұрқы 3 м-дей, салмағы 400 – 700 кг-дай. Суда өте жақсы жүзеді, сүңгиді, табаны жүнді болғандықтан мұз үстінде таймайды. Ит балықпен, әсіресе каспий итбалығымен (нерпа) қоректенеді. Ақ аю екі жылда бір балалайды, қонжықтары енесімен 1,5 жылға дейін жүреді. Ақ аю Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген (1976 жылы). Ал Қазақстанда Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр және Алтай тауларында аюдың 2 түр тармағы (қоңыр аю, Тянь-Шань қоңыр аюы) мекендейді. Қоңыр аюдың дене тұрқы 2 м-дей, салмағы 150 – 200 кг-дай, түсі қоңыр, қара қоңыр болады. Өзінің мінез құлқы жағынан бейқам, момын, қорқақтау келеді, орман ішінде адам көзіне көрінбейді. Ол адамның өмірі үшін қауіпті емес. Қорек талғамайды. Аюлар үш жасында жыныстық жағынан жетіледі. Ұйығуынан 7 ай өткен соң, 2 – 4 қонжық табады. Қаңтар, ақпан айларында жаңа туған қонжығының салмағы 300 – 600 г болады. Енесінің сүтімен 4,5 – 5,5 айға жуық қоректенеді, бір-екі жыл енесімен бірге жүреді. Аюлар 30 – 40 жылдай тіршілік етеді. Буаз аю жеке жүреді, қыста үңгірінде жалғыз жатады. Күзге таман бойына 50 кг-ға жуық май жинап, қатты семіреді де, қысқа қарай ұйқыға кетеді. Егер қажетті май қорын жинай алмаса, ұйқыға жатпайды. Аю – бағалы аң. Ол майы және шипалық қасиеті бар өті үшін ауланады. Семіз аюдан 120 кг ет, 50 кг-дай витамині мол май алуға болады. Аю жабайы тұяқты аңдарға, үй малдарына, сондай-ақ адамға да шабуыл жасайды. Бал омартасына түсуді жақсы көреді. Қоңыр аюлар кәсіптік аң ретінде ауланып келді. Қазір оларды аулауға тыйым салынған.
Жер бетінде адамдар жеу үшін әртүрлі тағамдар бар. Бұл, әуе жолдарында қызмет істейтіндер үшін маңызы зор мәселе. Жолаушылар Finnar, Delta, British, Airways, "Сингапур" әуе жолдарын мақтайды.
Әуе жолы экипаждары әлдегі халықтың ерекшеліктерін білуі керек. Үндістаннан ұшқандарға сиыр еті тағамдарын ұсынбау керек. Себебі, бұл ел үшін сиыр қасиетті жануар. Ал, Ұлыбританияда күнде сағат 16 да шай ішеді, оған кішкентай бутербродтар қосып беру керек.
кейбір кезде мен өзімді елімнің патриотты сезінемін мен көркем Астана шарымен таңданамын
Апкесинин жанында синилиси тур
Китаптин жанында карындаш жатыр
Анарлын жанында алма мен шабдалы жатыр