Менің отбасым үлкен. Менің отбасымда 8 адам бар. Олар:атам, әжем, екі інім, қарындасым, мен, анам және әкем. Бүгін бәріміз қыдыр
уға шықтық. Мәшинеміз көлік тұрағында қалды. Таңертең бәріміз театрға бардық. Қазір әжем мен анам сауда үйіне кетті. Сауда үйі дәмха- наның қасында. Дәмхананың алдында балаларға ар- налған алаң бар. Алаңның іші кең. Мансұр екеуміз доп ойнап жүрміз. Қарындасым ролик теуіп жүрміз. Міне, атам отыр. Оның қасында досы бар. Атамның досының иті орындықтың қасында жатыр. Әкемнің жанында Алпамыс отыр. Ол әлі кішкентай. Бізбен ойнай алмайды. Қазір бәріміз қонақүйге барамыз. Қонақүй де жақын жерде тұр. Әне, анау-қонақүй. Ол сауда үйінің жанында орналасқан. Қонақүйдің іші салқын. Ал ондағы мейрамхананың тағамдары өте дәмді. Қазір сонда барып тамақ ішеміз. Біз осылай тату-тәтті өмір сүреміз.