Сəлем Миша!
Сəлем Дима!
Дима сен Астанаға барғансың ба ?
Иə мен Астанаға барғанмын
Астана қандай қала?
Астана өте үлкен,əдемі қала
Сау бол Миша!
Сау бол Дима!
Адам және оның қасиеттері туралы
Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.
Жақсы адам – елдің ырысы.
Жақсы жер – жанның тынысы.
Бір кісі мың кісіге олжа салар.
Адам аласы ішінде,
Мал аласы сыртында.
Ақ жүрген адам азбас.
Қошқар болар қозының
Маңдай жағы дөң келер,
Адам болар баланың
Етек-жеңі кең келер.
Адам болатын бала
Алысқа қарайды.
Адам жүрген жермен адам жүреді,
Біреу білмегенді, біреу біледі.
Аты-тоны бар кісіде,
Әзіретәлінің күші бар.
Ат аяғынан семірер.
Адам құлағынан семірер.
Өзі отырған адам,
Келгенге орын берер.
Екі кісі қағысса,
Бір кісілік орын бар.
Құнды жоқ кісі,
Көсеуменен қамшылар.
Адам сөйлескенше
Жылқы кісінескенше.
Бұрынғының кісісі –
Бүгінгінің кішісі.
Біз де кісі болармыз,
Атқа кісен салармыз.
Кісі болар баланың
Кісесінен белгілі,
Ат болатын құлынның
Мүшесінен белгілі.
Адам көркі шүберек,
Ағаш көркі жапырақ.
Кісінің көзіне көзің түссе,
Көңлі жібіп, мейірі түсер.
Кісі аты тершең,
Кісі киімі кіршең.
Тау тауға қосылмас,
Адам адамға қосылады.
Кісідегінің кілті аспанда
Мұртқа өкпелеп жүргенде
Сақал шықты.
Адам қатасыз болмас,
Көл бақасыз болмас.
Аштан өлген кісінің
Моласы жоқ.
Болған кісі болдым демес,
Болдым десе болғаны емес.
Ай толғанын білмес,
Жігіт болғанын білмес.
Білген адам тауып айтады,
Білмеген адам қауып айтады.
Мынау менің мектебім.Мектеп үлкен ,кең жəне жарық.Метеп екі қабатты.Мектептің бірінші қабатында үлкен асхана бар.Менің сыныбым екінші қабатта.Менің сыныбым таза,жарық жуне кең.Маған өз мектебім ұнайды.
Көшіріп жазып ал.. .......
Уық - Киіз үй жабдықтарының бірі. Кереге мен шаңырақты біріктіретін жабдық Уық деп аталады.