1)қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспап.
2) Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады.
Мағжанды қазақтың Пушкині деп атаған Валерий Брюсов
Повесте кішкентай Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен әр түрлі қызықты оқиғалары жайлы баяндалады. Ол қанша бұзықтық жасаса да жақсы адам болуға талпынысы бар. Өзінің жасаған бұзықтығының бәрі әкесіз өскендігінен деп ойлайды. Қожа өзінің мінезін, тәртібін өзгертуге тырысады. Әңгімеде Қожаның балалық махаббаты да үлкен рөл ойнайды. Ол сыныбындағы үлгілі, тәртіпті әрі сабағын үздік оқитын Жанар деген қызды жақсы көреді. Тіпті кей кездері Жанарға арнап өлең де шығарады. Жанарды әрқашан көргісі келіп тұрады. Қожа жазушы болуды армандайды.
Тәрбиенің бір бұтағы– қазақ қызының киген киімдері мен әшекейінің құпиясында сақталыпты.Ұлттық киімдерін айқындай түсетін зергерлік әшекейлер қыздардың көркіне көрік қосқанын жақсы білеміз. Тағылған сырғаны қартайғанша таққан. « Ер Төстік» ертегісіндегі мына үзінді: «тоғыз ұлым бар, соған тоғыз келіншек іздеп жүрген адаммын; тоғыз ұлымның бір әке-шешеден туғаны сияқты, тоғыз келінімнің де бір әке-шешеден туған болуын іздеп жүрген адаммын, керегенің басындағы көп сырғаны көргенде, тілегіме жеттім ғой деп қуанып қалып едім, санасам біреуі кем екен, соған жылап отырмын,—дейді Ерназар.