Интернет біздегі заманауи жетістік. Интернет арқылы көп жаңалықтарды білесің. Өзіңе қажеттің бәрін интернеттен табасың . Интернетсіз өмір сүру қиын болып тұр.
Наурыз — шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған. Шығыстың данышпандары Махмұд Қашқари, Омар Хаямнан бастап қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин сынды ұлт қайраткерлері де Наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, асыл сөздер жазып қалдырған.Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған.Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған. Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным ұғымдарының үлгі түрлері өте көп. Оның барлығы әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көргенділікке, ізгілік пен білімділікке баурайды. Наурыз мерекесін асыға күтетініміз, ерекше даярланатынымыз содан болса керек.Наурыз мерекесіне тән — көпшілікке наурыз көже даярланады, ол тағам жеті түрлі дәмнен даярлануы шарт. Халықта наурыз көжені тойып ішкен адам келесі жылға дейін ішім-жемнен тарлық көрмейді деген ұғым бар. Үй иесі үлкен кісілерден наурыз көжеге бата сұрайды. Ол кісілер: «Пәле-жала жерге енсін! Төрт түлік ақты болсын! Өрісің малға,үйің жанға толсын! Ақ мол болсын!» деп айтады.
Мынау сенің жауабың. дұрыс деп ойлаймын.
Мәңгілік Ел туралы толғанғанда екпіндеп соққан желге де, нөсерлеп жауған жауынға да төтеп бере алатын алып бәйтерек елестейді.Алып та мәңгі мұқалмайтын Бәйтереккке айналу үшін оның тамыры мығым да мықты болуы керек емес пе?! Дәл сол сияқты Мәңгілік Ел болу үшін ол елдің тарихы да мықты болуы керек екен.Иә, еліміздің тарихына үңілер болсақ,бабаларымыздың азаттық жолындағы сансыз күрестері мен құрбандықтары,талай тар жол, тайғақ кешулерімен жеткен Тәуелсіздіктің бағасын ұғынабілуіміз керек.Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік мұраттарына қол жеткізді.Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын.Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тарихын құрдымға жіберді.Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама?! Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана -«Мәңгілік Ел» болу. «Мәңгілік Ел» болудың кілті - өз қолымызда.Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап алға ұмтылуымыз керек. Иә, Мәңгілік Елдің ұрпақтары біздің, ұстаздардың, алдында. Сондықтан да ұрпақ бойына еліміздің тарихы мен елдігін ұғындырып қана қоймай, елін сүйетін елжанды, білімді ұрпақ етіп тәрбиелеубіздің басты парызымыз болмақ.
Еліміздің аспаны ашық
Жастарымыздын болашағы жарқын болғай!