Ответ:
Менің Түркияға алғаш саяхатым.
Саяхатқа шығуды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Мен өз басым саяхат десе, ішкен асымды жерге қоюға дайынмын. Мейлі ауыл болсын, қала болсын, қыдырғанды өте қатты ұнатамын. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады. Саяхатқа қатысты менің арманым бар, ол – барша әлемді шарлау. Әзірге осы арманыма ата - анамның арқасында бір адым жақындадым десем деболады, себебі біз биыл отбасымызбен жазғы демалысқа Түркия еліне аттандық. Бұл менің алғашқы шетелге саяхатым болды. Бауырлас Түркия елі бәрімізге ұмытылмас әсер қалдырды. Біз Стамбул қаласына дейін ұшақпен жетіп, әрі қарай арнайы автобуспен қонақ үй орналасқан Анталия қаласына келдік. Айта кететін бір жайт, Түркияның жолдары тегіс, әрі автобустың өзінде ұшақтағыдай арнайы адамдар жұмыс істеп, тіске басар мен түрлі сусындар тарататыны ерекше әсер қалдырды. Сонымен біз Жерорта теңізінің жағасында орналасқан бес жұлдызды қонақ үйімізге де келіп жеттік. Бөлмеміз кең әрі жарық, ішінде керекті заттардың барлығы табуға болады. Ішетін тамағымыз тегін болды. Балаларға арналған арнайы бассейн мен алаңдарда армансыз ойнап, теңіз суына түсіп, күнге де біраз күйдік. Демалыс уақыты әп – сәтте өте шыққандай болды. Отбасы мүшелерінің барлығы демалыстан оң әсер алды.
Бұл шетелге шығудың бастамасы ғана деп білемін. Алда әрі сапарларымыз көп болғай!
Климаттың ғаламдық өзгеруі туралы шектемелі конвенция – климаттың жаhандық өзгеруі салдарынан туындайтын проблемаларды шешуге арналған халықаралық келісім. 20 ғ-дың 80-жылдары адамның іс-әрекетінің нәтижесінде бөлінетін булану газдарының (“парник газдарының”) әлемдік ауа райының өзгеруімен байланысын дәлелдейтін ғылми деректер қоғамды қобалжытатын ой-пікірлер туғызды. Үкіметаралық деңгейде ұйымдастырылған бірқатар халықараралық конференциялар жедел түрде климаттың өзгеру мәселесі туралы жаїандық келісім жасауға шақырды. Осы жайға байланысты БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1990 ж. “Климаттың ғаламдық өзгеруі жөнінде шектемелі конвенция” туралы келіссөздер жүргізетін халықар. комитет құрды. Комитетшектемелі конвенцияның жобасын жасап, оны 1992 ж. 9 мамырда Нью-Йорктегі(АҚШ) БҰҰ-ның штаб-пәтерінде бекітті. Конвенция 1992 ж. маусым айында Рио-де-Жанейрода (Бразилия) жоғары деңгейде өткен дүниежүзілік кездесуде қабылданды. Оған 154 мемлекет және Еуропалық одақ басшылары қол қойды.
Мен сыйлық сыйлағанды жақсы көремін. Сол себепті мен сыйлықты достарыма,жақындарыма,анама себепсіз беріге де тырысамын. Сыйлық сыйлау меніңше жомарттылықтың белгісі. Мен көбіне сатып алынған емес, қолдан жасалған сыйлықты бергенді ұнатамын. Сол үшін еңбектеніп,қолдан түрлі зат жасаймын. Ең жақсы сыйлық адамның жан тәнімен жасаған сыйлығы. Дегеніменде мен сыйлық алғандыда ұнатамын. Сыйлықтың меніңше жаманы жоқ.
-Сәлем!
-Сәлем.
-Қайда барасың?-Мен театрға бара жатырмын.
-Мен бір кездері театрда болдым.
-Шындығында?
-Ия, тек мені шығарып тастады.
-Неліктен сіз шықты?-Мен бір досымды көріп, оған айқайладым. Мені бұл үшін шығарып тастады.
-Себебі сіз театрда шу шығара алмайсыз! Онда сіз тыныш болуыңыз керек!
-Мен бұл туралы білмедім, қазір не істеуім керек?
-Менімен бірге театрға барғыңыз келе ме?
-Мен қалаймын!
-Келіңіздер!
Озат,əділ,қамқор,
Ақылды,әдемі, əнші, биші