Сен қай қалада тұрасың?
- Мен Астанада тұрамын.
- Астана туралы не білесің?
- Астана – тарихи оқиғаларды бастан өткізген қасиетті өлке. Ол - жаңа Қазақстанның белгісі. Астанада тарихи ескерткіштер, мұражайлар бар.
- Қай кезде Н. Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының деп жариялау» туралы жарлыққа қол қойды?
- 1997 жылы қазанның 20-сында.
Ал Қазақстанның алғашқы бас қаласы қай қала болған. ?
- Орынбор.
- Қазақстанның екінші астанасы – Алматы. Алматыда қандай қала?
- Алматы - үлкен, әдемі қала.
- Алматыда қандай театрлар бар?
- Алматыда - М. Әуезов атындағы қазақ драма театры, Лермонтов орыс драма театры бар.
-Қалада қанша адам тұрады?
<span>- Миллионнан астам тұрғындар бар. Мен Алматы көруді армандап жүрмін</span>
Қыс
Желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес.
Орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз.
Адамның өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды. Қыстыгүні жылқышыларға бек қиын: қандай суық борандарда күні-түні далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып, бейшараларда тіпті рақат жоқ. Жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған. Шилі бет байғұстар желге де қарсы қарай алмайды.
Ол әкесін ойлағанда көңілі нілдей бұзылды.Қыз еріксіз өзіне қаратты, ол еліктің лағындай сүйкімді еді. Оның қуанғаны сондай, көңілі өзендей тасыды,жанындағыларды құшақтап сүйе берді.Күтпеген жерден естіген қаралы хабар сең соққандай әсер етті. Түбі түскен шелектей айғайлай бермей, тынышталыңдаршы.
Тұмар (Томирис) ханша (ж.ж.с.д. 570-520) – күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі. Грек жазбаларында оның елін «массагет» деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп, әлемге танылуы Ахемен әулетінен шыққан, «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558 – 530) Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген, «жеңілуді білмейді» деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты.
Мемлекетінің аумағын тойымсыздықпен кеңейте беруді ойлаған Кир патша батыс елдеріне аттанбас бұрын әуелі шығыс жағын қауіпсіздендіру мақсатымен күнгей түркі сақтарды бағындырып алуды көздейді. Сөйтіп түркі сақ еліне елші аттандырып, олардың ханшасы, сол кезде күйеуі өліп жесір отырған Тұмардың (Томириске) өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды.